Қазақстанда жолаушылар вагондарының тозуы 36%-ға дейін төмендеді

Қазақстанда сүйреу құрамның тапшылығы мәселесі толығымен шешіліп, жолаушылар вагондары паркінің тозуы 36%-ға дейін төмендеді. Үкімет отырысында жылжымалы құрамды жаңғырту туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов баяндады. 

Оның айтуынша, соңғы үш жылда 433 локомотив сатып алудың нәтижесінде еліміздегі сүйреу құрам тапшылығы мәселесі толық шешімін тапты. Бұл магистральдық локомотивтердің орташа тозуын 66%-дан 58%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жолаушылар секторында 5 жыл ішінде тозу 46%-дан 36%-ға дейін қысқарды.

«Өндіріс-қаржылық сандар тұрақты артып келеді. Қолдану жүк айналымы 124 млрд т/шақырымls құрады. Экспорт тасымалы 8%-ға өсіп, 38 млн тоннаны құрады, оның ішінде шамамен 5 млн тонна астық (+11%) және 1,7 млн тонна құрама жем (+58%). Транзиттік қатынаста өсім 13% болды, оның ішінде контейнерлік тасымалдар 612 мың ДФЭ-ге жетті. Жүк тарту мақсатында ресейде,  беларусьте,   өзбекстанда клиенттермен кездесу өтті. ҚТЖ биыл 55 млн тонна өткізуге дайын. Дарбаза – Мақтаарал   және Қызылжар – Мойынты жобалары,   оларды   жыл соңына дейін аяқтаймыз. Бақты – Аягөз жобасы бойынша бірінші кезекті тапсыру   2027 жылдың соңына жоспарланған. Өткен жылдан бастап 7 учаскеде жолдар жөнделіп жатыр – 3 мың шақырым. Жоспар бойынша жыл соңына дейін   аяқтаймыз. Бүгінде   Алтынкөл – Жетіген   және Ақсу – Жаңа-Семей жолдарының 650 шақырымы жаңарды», — деді басқарма төрағасы.

Сонымен қатар министр келесі айда Қызылжар – Сексеуіл – 700 шақырым аяқталатынын атап өтті. Тамызда   Қандыағаш – Тобыл және Шалқар – Бейнеу жолдары ашылады. 4-ші тоқсанда Бейнеу – Маңғыстау және Әлімбет – Никельтау аумақтары аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы, жолдардың өткізу қабілеті  2,5 есеге дейін артады! Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін 11 мың шақырым жол жөндеу бағдарламасы жүріп жатыр. Бүгінде 5 мың шақырымға жуық жол жөнделген, бұл өткен кезеңнің жоспарынан жоғары.

Вокзалдарды жөндеуге қатысты баяндаған басқарма төрағасы құрылыс-монтаж жұмыстары 36 нысанда аяқталғанын жеткізді. 

«Осы айдың соңына дейін 30 вокзал пайдалануға беріледі. 12 маусымда Абай облысында екі вокзал ашылды (Ауыл, Белағаш). Шілдеде 40, тамызда тағы 41 вокзалды пайдалануға береміз. Қалған нысандар кестеге сай тапсырылады. Астана – 1, Алматы – 2  және Түркістан вокзалдары бойынша тарихи құндылығы ескеріле отырып жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ перрондар, платформалар жаңарып, 5 жабық өткел салынып жатыр. Дайындығы 70%-дан асатын 12 облыс бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының деңгейі жоғары. Олардың ішінде ең жақсы көрсеткіш төрт облыста: Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды аймақтары. Қалған облыстар бойынша мердігер компанияларға жазда жұмысты тездету тапсырылды. Бүгінде ҚТЖ барлық вокзалды жөндеуге кеткен қаражаттың жартысын төледі. Ол үшін қарыз қаражаты тартылды. 2023 жылдан 2025 жылға дейін 433 локомотив сатып алдық. Тапшылық мәселесі шешілді», — деді Талғат Алдыбергенов. 

Сондай-ақ ол 2030 жылға дейін 754 локомотив сатып алынатынын баяндады. Бүгінде Wabtec компаниясы 7 қалада сервистік орталық ашты. Осылайша аймақтарда 1 мыңнан астам жұмыс орнына кепілдік беріліп отыр. Бұдан бөлек Wabtec Сексеуіл мен Шалқарда әлеуметтік нысандар салуда. Alstom бойынша 4 қалада сервистік орталық жұмыс істейді. Тағы 630 жұмыс орны қамтамасыз етіледі. 

«ҚТЖ паркінде шамамен 39 мың вагон бар. Бұл барлық вагонның   30%-на да жетпейді. Жалпы қазақстанда 147 мың вагон бар. Сонымен бірге 2030 жылға дейін вагондардың тозуын ескере отырып, шамамен 20 мың вагон сатып алынады. Бүгінде паркте 2 мың 186 вагон бар. 5 жылда тозған вагондардың саны азайды. 46-дан 36%-ға дейін төмендеді. Алдағы төрт жылда 746 вагон сатып аламыз», — деді басқарма төрағасы.

Отырыс барысында басқарма төрағасы өткен жылғы желтоқсанда ҚТЖ-ның IT-ландшафтына аудит аяқталғанын атап өтті. Соның негізінде алдағы төрт жылға IT-стратегия дайындалды. LTE-R байланысы, Smart-локомотив және Smart-инфрақұрылымның цифрлық негізі болады. ҚТЖ халықаралық тасымалдардың бірыңғай цифрлық алаңын жасалуда. Көрші елдермен цифрлық құжат алмасу механизмі дайындалуда. Халықаралық дерек алмасудың цифрлық интеграторы жасалатын болады.

#Көлік #Логистика #Экономика

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу