Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстандықтардың 42,5%-ы халық санағынан онлайн форматта  өтті — Н. Айдапкелов

Сәрсенбі, 10 Қараша 2021, 10:23:09

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ұлттық халық санағының аяқталуы туралы баяндады.

Өз сөзінің басында Н. Айдапкелов халық санағын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін арнайы комиссия мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктерінің жұмысын атап өтті. 

«Санақ ел тұрғындарының барлық санаттарын қамтыды. Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-ы өтті, ал жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылды», — деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Ол сондай-ақ ел тұрғындарының онлайн форматтағы халық санағынан өтуге белсене қатысқанын атап өтті. Бұл көрсеткіш онлайн форматта санақтан өтудің орташа еуропалық көрсеткішіне жақындаған. 

Халық санағына 25 мыңға жуық санақ персоналы, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің және Бюроның орталық аппаратының қызметкерлері тартылды. Ел тұрғындарының көптеген сұрауы бойынша онлайн санақтан өту мерзімі санақ аяқталғанға дейін ұзартылды.

Халық санағын өткізудің ұйымдастырушылық және ағымдағы проблемалық мәселелерін республикалық деңгейде арнайы комиссия шешті.  Осындай өңірлік комиссияларды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, ал аудандық деңгейде аудан әкімдері басқарды. Санақты өткізу мәселелері апта сайын Үкіметтің, Үкіметтің цифрлық офисінің және Арнайы комиссияның отырыстарында қаралып отырды. 

Халықты ақпараттандырудың барлық арналары бойынша ұлттық санақты жария ету бойынша ауқымды бұқаралық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүкіл ел бойынша 3 500-ден астам халық санағын өткізуге арналған арнайы пункттер жұмыс істеді.

1446 нөмірі бойынша арнайы call-орталығы тәулік бойы жұмыс істеді. Ел тұрғындарынан 500 мыңнан астам өтініш түсті. Респонденттерге 25 млн астам SMS-хабарлама жіберілді.

«Бюроның атына ұлттық халық санағының аяқталуына байланысты халықаралық ұйымдардан құттықтаулар келіп түсуде. Бұл ЮНФПА (БҰҰ-ның Тұрғын халықтың қоныстануы саласындағы қоры), БҰҰ БЖКБ (Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасы), БҰҰДБ, SESRIK (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) және ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті. Құттықтауларда жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық жұмыс, сондай-ақ еліміздің онлайн сауалнама жүргізудегі табысты тәжірибесі туралы айтылған», — деді Н. Айдапкелов.

Бюро алынған деректерді өңдеуге кірісті және алдын ала деректерді ағымдағы жылдың желтоқсан айында ұсынуды жоспарлап отыр. Іс-шаралар жоспарына сәйкес санақтың қысқаша қорытындысы 2022 жылдың ортасына жоспарланған және 2023 жылдың 1-тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялау жоспарланған. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
10 Қараша 2021, 11:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №786 Қаулысы
10 Қараша 2021, 11:20
Қазақстанда соңғы екі айда коронавируспен сырқаттанушылық 3,4 есе азайды — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.