Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанның ішкі нарығы тұщы су балықтарымен 100% қамтамасыз етілген – ҚР ЭГТРМ

Сейсенбі, 06 Қазан 2020, 13:09:22

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру мәселесі қаралды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндады. 

Әлеуеті зор экономика салаларының бірі - балық шаруашылығы.

Еліміздің балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 2019 жылы шамамен 66 мың тоннаны құрады. Оның құрылымы келесідей: балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру – 7,4 мың тонна, экспорт – 30 мың тонна, және импорт – 43,5 мың тонна.

Экология министрінің айтуынша, Қазақстан мұхит балықтары мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар: майшабақ, скумбрия, креветкалар, мидия және тағы басқалары. Импорт Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық елдеріне тиесілі. Бұл ретте, импортты алмастыру мақсатында Қазақстанда албырт, бекіре балықтарын өсіріп, Каспий теңізінде майшабақ пен килька балықтарын аулау қажет.

Өз кезегінде, Қазақстан жыл сайын жақын және алыс шетелдің 36 еліне шамамен алпыс $60 млн сомасына 30 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды.

«Сонымен қатар, біздің қасымызда экспорт үшін айтарлықтай әлеуетті нарықтар бар. Атап айтқанда, Ресей мен Қытайда балық өнімдерін тұтыну жоғары деңгейде. Бұл екі елдегі бізбен шекаралас аудандарының нарығы жылына 3 млн тоннаға дейін жетеді. Сарапшылардың пікірі бойынша 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге болады», — деді М. Мырзағалиев. 

Қазақстанда барлығы 40 мыңнан астам су айдындары бар. Оның ішінде шамамен 3 мыңы балық шаруашылығына арналған су айдындарының тізіміне енгізілген. Олардың 49% бизнестің қарамағында, ал 51% әлі бекітілмеген.

Бұдан басқа, 300 су қоймасы бар. Олардың негізгі бағыты - өсімдік өсіруге қажетті суды қамтамасыз ету. Алайда, осы су айдындарында балықтың потенциалы баршылық болғанымен, әлі ашылмаған. 

«Осыған орай, балық өсіру потенциалын іске асыруды ескере отырып су айдындарын бизнестің қарамағына беру бойынша және балық өсіруге жаңа перспективалы су айдындарын анықтау үшін инвентаризация жұмыстарын жүргізуін сұраймыз», — деді М. Мырзағалиев. 

Ішкі нарық тұщы суда өсетін балықтарымен 100% қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн. Ал импорттың 95% теңіз және мұхит балықтары құрайды. 

«Бекіре және албырт тұқымдас балық түрлерін өсіру арқылы импортты алмастыруға болады. Мәселен, инвестициялық жобалардың есебінен 2024 жылы нарықты бекіре балықтарымен қамтамасыз етуді 10%-дан 65%-ға, ал албырт балықтары бойынша 6%-дан 86%-ға жеткізуді көздеп отырмыз. Және келесі 10 жылдың ішінде қолдағы бар су айдындардың сыйымдылығын ескере отырып, экспорт көлемі арттырылатын болады», — деді экология министрі.

Балық өсірудегі бар потенциалды қолдануды жеңілдету және тездету мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылуда:

Бірінші. Ғылыми-өндірістік орталықпен бірлесіп, балық өсіру шаруашылықтарының типтік жобалары әзірленді. Олар көлді-тауарлы, тор ішіндегі, тоғандық балық өсіру шаруашылықтары мен тұйықталған сумен қамтамасыз етілген балық өсіру. Бұл бизнеске қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, қолайлы шаруашылық типін, өсірілетін балық түрін таңдауға мүмкіндік береді.

Екінші. Салық, Су, Жер кодекстеріне, сондай-ақ «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарға өзгерістер әзірленіп, тиісті заң жобаларына енгізілді. Қазір түзетулер Президент Әкімшілігімен келісіліп жатыр.

Үшінші. Балық өсіру-биологиялық негіздемелер, балық шабақтары мен бағалы балық түрлерінің аналық үйірлерін сатып алу және ұстау шығындары секілді басқа да бағыттар бойынша субсидиялауды 0%-дан 50%-ға дейін ұлғайту ұсынылады.  Сонымен бірге жылына 40 тонна және одан көп балық өсіру үшін тор ішінде өсіру шаруашылығын, сонымен қоса, жылына 20 тонна және одан көп балық өсіру үшін сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар шаруашылығын құруға және кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеуді 25%-дан 40%-ға дейін көбейту ұсынылады.

Төртінші. Бұл тор ішінде балық өсіру шаруашылығын, сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар шаруашылықты, сондай-ақ қайта өңдеу жөніндегі кешендерді құруға және кеңейтуге жұмсалған инвестициялық шығындарды өтеу. Ол үшін 2021-23 жылдар аралығында 6 млрд теңге қаражат керек болады. Тиісті бюджеттік өтінім Қаржы министрлігіне жолданды.

«Еліміздегі су ресурстарын ескере отырып, өсірілген балық көлемін 600 мың тоннаға дейін арттыруға, экспорт көлемін 10 есеге ұлғайтуға балық шаруашылығының әлеуеті жеткілікті екенін айта кету керек.  Бұл, шамамен 100 мың жұмыс орнын құруға және халықтың табысын көбіне ауылдық жерлерде арттыруға ықпал ететін болады», — деді М. Мырзағалиев. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
10 Қыркүйек 2021, 11:55
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм — Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі барлық салаларда байқалады
10 Қыркүйек 2021, 08:50
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
09 Қыркүйек 2021, 18:29
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңа энергетика министрі М. Мырзағалиевті таныстырды
09 Қыркүйек 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №612 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №609 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №607 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №600 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №595 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:41
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру: Үкіметтік делегация Шымкент қаласының денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралады
09 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин Ақмола облысындағы астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау барысын тексерді
08 Қыркүйек 2021, 12:41
Қазақстандағы медициналық сақтандыру, эпидемияға қарсы іс-шаралар және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды
07 Қыркүйек 2021, 19:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысының жаңа әкімі Н. Ноғаевты таныстырды
07 Қыркүйек 2021, 16:23
Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:19
Мемлекет басшысы «CLAAS» зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:10
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты
07 Қыркүйек 2021, 11:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 07.09.2021
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.