Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов

Дүйсенбі, 12 Сәуір 2021, 13:28:09

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің осы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы талқыланды. Есепті кезеңдегі өнеркәсіп және энергетика секторындағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, аграрлық саланы дамыту туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады. Сондай-ақ Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы әкім Жеңіс Қасымбек баяндады.

Осы жылдың 1 тоқсанның қорытындысында еліміздің өңдеуші өнеркәсібі барлық секторларында оң үрдіс сақталды, оның жиынтық көрсеткіші 107,5% құрады.

«Машина жасау саласында 121,8% өсім болды, бұл автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер, машиналар мен жабдықтар өндірісі, өзге де көлік құралдары, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтарды, электр жабдықтарын жасау, жөндеу және орнату арқылы артты», — деді ҚР ИИДМ басшысы.

Түсті металлургияда да оң динамика сақталып, өсім 3,4% болды.

Тазартылған алтын, тазартылған күміс, құйма алтын, тазартылған мыс көлемі артты.

Қара металлургияда нақты көлем индексі 100,1% құрады. Шойын, көміртекті болат, ферросиликомарганец өндірісі өсті.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 9,1%-ға артты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, саладағы өсім негізінен халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға деген сұранысының артуы есебінен болды.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 3,1%-ға өсті. Оған киімнің және былғары өнімдердің ұлғаюы әсер етті.

Дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібінің өндіріс көлемін арттырды. Өсім 14,2% құрады.

Құрылыс материалдары өндірісі 130,1%болды. Оға н жылу оқшаулағыш материалдар (2 есеге), портландцемент (+35,3%), гипс (+9,7%), кірпіш (+8,2%) және құрылыс ерітінділері (+9,3%) өндірісінің артуы есебінен қол жеткізілді.

Көлік саласында есепті кезеңде нақты көлем индексі 82,6% құрады.

Транзиттік контейнерлік тасымалда оң динамика сақталды. Көрсеткіш 244,2 мыңжиырма фунттық баламаны құрады. Өсім 63% болды. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 815 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,4% құрады.

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың бірінші тоқсанда 113,1% болды.

Тұрғын үй құрылысында биылғы бірінші тоқсанда 2 млн 870 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, яғни, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,6 % құрады.

«Бүгінгі таңға республика бойынша барлығы 23 663 баспана пайдалануға берілді. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы өткен жылмен салыстырғанда 16 өңірде байқалады. Жалпы биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады», — деді Б. Атамқұлов.

Мұнай өнімдері қорының деңгейі жеткілікті деңгейде — Н. Ноғаев

ҚР энергетика министрі Н. Ноғаев өз кезегінде осы жылдың бірінші тоқсанында мұнай мен конденсат өндіру көлемі 100%-ға орындалғанын және 21,1 млн тоннаны құрағанын атап өтті.

Соның ішінде, мұнай-газ саласындағы iрі компаниялар бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

Теңіз жобасында аталған кезеңде 6,7 млн тонна мұнай өндірілді, бұл есепті айдың жоспарына 100% құрады.

Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі 3,7 млн тонна болды, жоспар 100% орындалды.

Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 3,1 млн тоннаны құрап отыр, бұл жоспардың 100%-ы.

Есепті кезең ішінде 16,6 млн тонна мұнай экспортталып, жоспар 100% орындалды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі ОПЕК+ отырысының қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі кезең-кезеңмен сәйкесінше мамыр, маусым және шілде айларында тәулігіне 6 мың баррельге ұлғайтылмақшы.

Министр газ өндіру мәселелеріне тоқтала отырып, көрсетілген кезеңде 13,9 млрд текше метр көлемінде газ өндірілгенін, бұл биылғы үш айдың жоспарымен салыстырғанда 100%-ды көрсеткенін атап өтті.

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 6,6 млрд текше метрге жетті, осы көрсеткіш жоспар бойынша 111,3% орындалды. 

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 817 мың тоннаны құрады, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 100% тең.

Экспортқа шығарылған газ көлемі 2,1 млрд текше метрді құрады, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 105,4%-ға жетті.

Мұнай өнімдерін өндіру бойынша жағдай сәл өзгеше. Жоспардың 100%-ы бірқатар көрсеткіштер бойынша орындалмаған, бұл объективті деректермен негізделген.

Биылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша 3 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді, бұл көрсеткіш жоспардың 96,4% құрайды. Оның ішінде:

  • автобензин бойынша көрсеткіш 1,1 млн тоннаға жетті, яғни жоспардың 94,5%;
  • өндірілген дизель отынының көлемі 1 млн тонна, бұл есепті айлардың жоспарына 89,7%.

Осы жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша мұнай өнімдері қорының деңгейі жеткілікті деңгейде, яғни 25 күнге жететін бензин, 27 күнге жететін дизель отынының қоры бар.

Аталған көрсеткіштердің төмендеу себептері осы жылдың қаңтар айында Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын жеткізуде пайда болған іркіліске байланысты, бұл технологиялық қондырғылардың (каталитикалық крекинг және онымен байланысты қондырғылар, каталитикалық риформинг, бензин мен дизельді гидротазалау, күкірт өндіру қондырғыларының) авариялық тоқтауына әкелді, соның салдарынан жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады. 

Алғашқы жоспар бойынша жөндеу жұмыстарын 4 сәуірде аяқтап, зауытты толық қуатына шығару 10 сәуірге жоспарланған болатын.

Аталғандарды ескере отырып, 24 сәуірде іске қосу жоспарланып отыр.

Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғыларын жөндеу барысында елімізде мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ҰҚ-мен бірлесіп, Шымкент мұнай өңдеу зауытында 25 наурыз – 24 сәуір арасында жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімдерін 1 мамыр – 31 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Әуе отыны бойынша көрсеткіш 131 мың тоннаға тең, яғни жоспардың 100,6%-ы.

Мазут өндірісіне тоқталатын болсақ, оның көрсеткіші 681 мың тоннаны құрап, қаңтар-наурыз айларының жоспарына 113%-ға жетті.

Сонымен қатар, есепті кезеңде битум өндірісі 111 мың тоннаға жетті, яғни есепті айдың жоспарына 92,2 % орындалды.

Жалпы алғанда, мұнай-газ химиясы өнімдерінің көлемі 37 мың тоннаға жетті, бұл жоспардың 46,6% құрайды.

Мұнай-газ химиясы өндірісі көрсеткішінің төмен болуының себебі бензол және параксилол өнімдерін шығаратын Атырау мұнай өңдеу зауытының жоғарыда аталған себептермен тоқтауына байланысты болды.

Есепті кезеңде 30,7 млрд кВт.сағат электр энергиясы өндірілді, бұл көрсеткіш жоспарға тең, яғни 100% орындалды. 

«Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу министрліктің тұрақты бақылауында», — деді Н. Ноғаев.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2,8%-ға артты — С. Омаров

Министр атап өткендей, осы жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,8%-ға артып, 591,3 млрд теңгені құрады.

Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3%-ға — 551,1 млрд теңгеге ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, тірі салмақта ет өндіруде 5,1%-ға және сүт өндіруде 3,4%-ға жоғары өсім байқалады.

Өсімдік шаруашылығы өнімдері 33,5 млрд теңгеге өндірілді, НКИ 100% деңгейінде. Бұл көлем жабық топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру есебінен қамтамасыз етілді.

Өңірлер бөлінісінде республикалықтан жоғары қарқын 4 облыста байқалды: Ақмола облысы — 114,1%, Жамбыл облысы — 103,8%, Қарағанды облысы — 103,5% және Павлодар облысы — 103,2%.

Көрсетілген кезеңде азық-түлік өнімдерінің өндірісі 3,3%-ға өсіп, 487,2 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте қызылша қанты өндірісінің 28,3%-ға, сары май 26,8%-ға, жарма 21%-ға, өңделген күріш 19,7%-ға, өсімдік майы 17,5%-ға, ірімшік пен сүзбе 9,3%-ға, ұн 9%-ға, өңделген сүт 4,7%-ға өскені байқалады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 54,8%-ға артып, 112,3 млрд теңгені, азық-түлік өнімдері өндірісі 86,8%-ға артып, 24,3 млрд теңгені құрады.

Қарағанды облысында 50 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қарағанды облысы әкімінің айтуынша, осы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң серпіні қамтамасыз етілді. 

Өңдеу өнеркәсібі салаларында өсуге қол жеткізілді.

Қара және түсті металлургияда өндіріс ұлғайтылды.

«Арселормиттал Теміртау»-да болат өндірісі 9,5%-ға немесе 867,7 мың тоннаға, жазық илек өндірісі 26%-ға немесе 663,7 мың тоннаға өсті.

Қазақмыс Корпорациясы бойынша мыс өндірісі 98,5 мың тоннаны құрады.

Жеңіл өнеркәсіпте, құрылыс индустриясында, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде жоғары өсу қарқынына қол жеткізілді. Химия өнеркәсібі, сондай-ақ фармацевтика тұрақты дамып келеді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 170 млрд теңге көлемімен 22,8% құрады.

«13 мың жуық жаңа жұмыс орындарын құрумен 2 трлн-нан астам сомаға 50 жаңа ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Биыл 2 578 жаңа жұмыс орнын құрумен 282,2 млрд теңге сомасына 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда, оның ішінде мамыр айында іске қосылатын Жайремдегі фабриканың инвестиция сомасы 145 млрд теңге, 381 жұмыс орны құрылады», — деді әкім Ж. Қасымбек.

Биыл сәуір айында Қарағанды облысының Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Жобаны «Аллюр» АҚ және «Татнефть» АҚ компаниялар тобы жүзеге асырады. Жобаны 2022 жылдың соңында іске асыру жоспарлануда. Инвестициясының жалпы көлемі - 125 млрд теңге.

Осы жылдың мамыр айынан бастап «Yutong» автобус және арнайы техника шығаратын зауытта өнім шығару жоспарлануда.

Ірі өнеркәсіп объектілерін салу және тұрғын үй көлемінің ұлғаюы есебінен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 4,9%-ға өсті.

146,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 12,7%-ға жоғары.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің ұлғаюы есебінен тұрақты өсім 3,5% немесе 39,5 млрд теңге деңгейінде байқалады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Мамыр 2021, 18:27
Медициналық қызмет көрсету, ауылдық медицинаны қолдау, КВИ пандемиясы кезіндегі жұмыс — ӘМСҚ-ның 2020 жылғы және 2021 жылдың I тоқсанындағы жұмысының қорытындылары
17 Мамыр 2021, 12:44
18 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Мамыр 2021, 11:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 Қаулысы
16 Мамыр 2021, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.