Қазақстанның республикалық бюджетінің кірісі 24,6%-ға өсті

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды, ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы қаржыландырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады. 

Оның айтуынша, трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгені немесе жоспарға 100,6%-ды құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға өсті. Салық түсімдері 8,3 трлн теңгені немесе жоспарға 100,3%-ды құрады. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда салық түсімдер 29%-ға өсті немесе 1,9 трлн теңгеден астамды құрады.

  • Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы қаржыландырылды. 

  • Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды. 

  • Шығыстар дерлік жоспар деңгейінде қамтамасыз етілді.

  • Трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгені немесе жоспарға 100,6%-ды құрады.

  • Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға өсті. 

  • Салық түсімдері 8,3 трлн теңгені немесе жоспарға 100,3%-ды құрады.

  • Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда салық түсімдер 29%-ға өсті немесе 1,9 трлн теңгеден астам құрады.

  • Кірістер серпініне негізгі экспорттық тауарлар бойынша бағаның өсуі оң әсер етті.

Сондай-ақ сыртқы сауда белсенділігі өскені байқалады. Бұдан бөлек, электрондық жүйесі бойынша сату айналымдары 12%-ға немесе 10,8 трлн теңгеге өсті. Есепті кезеңде: «Халық бухгалтері» акциясы аясында – 61 мыңнан астам салық төлеушіге кеңестер берілді. «Таза парақ» бастамасы бойынша – 19 мың шағын және микробизнес субъектісі үшін 9,3 млрд теңге өсімпұлдар мен айыппұлдар алып тасталынды. Осы жылы алты ай ішінде бұрын тіркеу есебінде болмаған шамамен 546 мың жеке тұлға заңдастырылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ескере отырып, бизнес субъектілерінің саны 2,9 млн-ға жетті және жыл басынан бері тағы 499 мыңнан аса субъектіге ұлғайды. Қосылған құн салығын төлеушілердің саны 22,3 мыңға өсіп, 158,2 мың төлеушіге жетті. Бұл маңызды нәтиже.  Ол салық реформасын тек фискалдық құрал ретінде ғана емес, сол сияқты экономикалық белсенділікті көлеңкеден шығару тетігі ретінде де қарау қажеттігін көрсетіп отыр. Биыл 1 шілдеде Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіткен болатын. 

«Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жаңғыртылған өткізу пункттері арқылы автокөлік құралдарының нақты ағыны 18-%-ға өсіп, шамамен 900 мыңға жетті. Бұл өсім қазірдің өзінде фискалдық нәтиже беруде. Кедендік төлемдердің көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсім 400 млрд теңгеден астам немесе шамамен қосымша 20%-ды құрады. Осылайша, өткізу пункттерін жаңғыртуы бюджетке түсетін түсімдерді арттырды, адал бизнес үшін жағдайды жақсартты және елдің транзиттік мүмкіншілігін арттырады. Біздің міндетіміз — жасанды интеллект элементтерін енгізумен кедендік процестерді цифрландыру жұмыстарын жалғастыру», — деді Ержан Біржанов. 

Баяндама барысында қаржы вице-министрі мемлекеттік бюджет шығыстары 98,2%-ға, республикалық бюджет шығыстары – 99,6%-ға атқарылғанын айтты.

  • Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге 3,6 трлн теңге;
  • Өңірлерді қолдауға субвенциялар түрінде 3 трлн теңге;
  • Нақты секторды қолдау шамамен 1,3 трлн теңге жіберілді.

Министрлік мемлекеттік аудит тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Осы жылдың басынан бастап 1,8 трлн теңге көлемінде бюджет қаражатын қамтумен 541 аудиторлық іс-шара өткізілді. 456 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Қазірде 318 млрд теңгеден астамға бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар онлайн-бюджеттік мониторинг те күшейтілуде. Мемлекеттік аудит цифрлық технологияларды кеңейту шеңберінде SMART AUDIT QAZAQSTAN бірыңғай талдамалық платформасы әзірлеуде. Есепті кезеңде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерін қаржыландыру қамтамасыз етілді. Әлеуметтік саладағы бюджет қаражатын бақылауды цифрландыру жалғасуда. Бүгінгі күнге мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 78%-ы цифрландырылды. Бүкіл республика бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын медициналық ұйымдар 100% «Qalqan» бірыңғай порталына  қосылған. Осы салада реформалар жалғасын табады. Қаржы министрлігі мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету, кіріс базасын нығайту, бюджеттік тәртіпті бақылау, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды жалғастырады.

#Бюджет #Салық саясаты #Экономика #Қаржы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу