09 Маусым 2026, 12:05
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту мәселелері қаралды. Жиында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ «Kazakh Tourism Development» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев және Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Жетісу облыстарының әкімдері баяндама жасады.
«Экотуризмді дамыту – министрлік жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Азаматтар мен туристердің еліміздің табиғи аумақтарына қызығушылығы артып келеді. Егер 2024 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 2,8 млн адам келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3,7 млн адамды құрады. Өсім шамамен 900 мың келушіні құрады. Бұл халықтың табиғат аясындағы демалысты, жаяу маршруттарды және этнотуризмді жиі таңдай бастағанын көрсетеді. Негізгі әлеует ұлттық парктерде шоғырланған», — деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша, бүгінде олардың аумағында 179 туристік маршрут және 42 экологиялық соқпақ жұмыс істейді. Министрлік бұл бағытты дамыту бойынша жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізуде. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамаға өзгерістер енгізілген. Аталған аумақтардың жерлерін туристік объектілерге инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу және қызмет көрсету үшін, оларды босалқы жерлерге ауыстырмай, беруге мүмкіндік беретін норма қолданысқа енгізілді. Осы жылдың ақпан айында учаскелерді ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған үлгілік шарт бекітілді. Министрлік қарамағындағы барлық 13 ұлттық парк бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, экотуризмді дамыту тұжырымдамалары әзірленіп, бас жоспарлар бекітілді. Бірқатар парк бойынша құжаттар жаңа инвестициялық жобаларды ескере отырып түзетілуде.
«Келушілерге қолайлы жағдай жасау және жұмыстың ашықтығын арттыру үшін саланы цифрландыру жүргізілуде. Өз қаражаты есебінен 6 ұлттық паркте 14 бақылау-өткізу пункті автоматтандырылды. Тағы 11 пункт бойынша жұмыс биыл жалғасуда. Олардың жұмысына мониторинг жүргізу және бақылау ұлттық парктердің бас кеңселерінде жүзеге асырылады және Орман шаруашылығы комитетінде қайталанады. Сонымен бірге, барлық ұлттық парктер банк сервистері арқылы онлайн төлемге қосылған. Парктердің сайттарында төлем жасауға арналған QR кодтар орналастырылған», — деді ол.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру аясында «Жасыл Даму» акционерлік қоғаммен бірлесіп «Таза туризм» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты - келушілерде табиғатқа ұқыпты қарау және қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру. 2024 жылы Шарын және Көлсай көлдері ұлттық парктерінде сәтті сынақтан өткеннен кейін, өткен жылы бағдарлама басқа ұлттық парктерге, оның ішінде Іле Алатауы, Алтынемел, Қарқаралы, Сайрам-Өгем, Көкшетау, Баянауыл және Бурабай парктеріне кеңейтілді. Бағдарлама аясында қалдықтарды бөлек жинауға арналған 179 контейнер және 81 қоқыс жәшігі орнатылды, 170 ақпараттық баннер орналастырылды және 7 фандомат қойылды. Келушілерге ұлттық парктер аумағынан қоқысты өз бетінше жинау және шығару үшін биологиялық түрде ыдырайтын пакеттер беріледі. Биыл аталған бағдарламаны жүзеге асыру Қатон-Қарағай, Бұйратау, Ұлытау, Жоңғар Алатауы және Тарбағатай ұлттық парктерінде жалғасуда.
«Әкімдіктермен бірлесіп бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Шығыс-Қазақстан облысында Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Шыңғыстай орманшылығының Дарбы өзені арқылы өтетін көпір жөнделді. Сондай-ақ ұзындығы 32,1 шақырым автомобиль жолын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары қамтамасыз етілді. Солтүстік Қазақстан облысында Имантау-Шалқар курорттық аумағына апаратын 17,5 шақырым автожолды реконструкциялау және кеңейту жүргізілді. Ақмола және Солтүстік-Қазақстан өңірлерінде орналасқан Көкшетау ұлттық паркінде жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарын құру жоспарлануда. Алматы облысында Көлсай көлінің жағалау желісі 130 млн теңгеге абаттандырылды. Сонымен қатар, Саты ауылынан Қайыңды көлі маңындағы парк аумағына дейін 12 шақыым автожол салынуда», — деді ол.
Алматы ұлттық парктер тобының табысты тәжірибесін ескере отырып, министрлік 2024 жылдан бастап тұжырымдаманы басқа да табиғи аумақтарда кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, әкімдіктермен бірлесіп инвестициялық жобалар портфелі қалыптастырылды. Оған 10 өңірде жүзеге асырылатын 23 басым жоба кіреді, олардың аумағы 100 гектардан асады. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 31,6 млрд теңгені құрайды. Жобалар сапалы туристік инфрақұрылымды: маршруттар мен экосоқпақтарды, визит-орталықтарды, эко-қонақүйлерді, глэмпингтерді, кемпингтерді, қазақ ауылдарын және караванинг орындарын құруға бағытталған.
Ірі жобалардың қатарында Түркістан облысында орналасқан Сайрам-Өгем ұлттық паркіндегі эко-қонақүйлер құрылысын атап өтуге болады:
Ақмола облысында Зеренді және Шалқар көлдерінде 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың жалпы құны 8 млрд теңгені құрайды.
Жобалар су жағасындағы демалысты дамытуға, сервистік инфрақұрылым құруға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталмақ.
#Туризм #Экология #Үкімет отырысы«Шығыс-Қазақстан өңірінде орналасқан Қатон-Қарағай ұлттық паркінде төрт объектіден тұратын кластерді іске қосу да жоспарлануда. Бұл жобалар жаңа орналастыру орындарын құруға және туристік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, барлық жобалар бойынша инвесторлармен уағдаластықтар бар және олар сәтті жүзеге асырылған жағдайда келушілер ағыны тәулігіне 3 500 адамға дейін ұлғаймақ. Бұл ретте әкімдіктерге инженерлік инфрақұрылым тарту бөлігіндегі жұмыстарды жеделдету қажет.
Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін министрлік Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтің төрағалығымен көшпелі іс-шаралар ұйымдастыруды және өткізуді жоспарлап отыр. Бұл экотуризмді дамыту, жергілікті жерлерде ұлттық парктердің инфрақұрылымын жақсарту, инвестициялар тарту және азаматтарымыздың экологиялық мәдениетін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға мүмкіндік береді», — деді министр.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу