Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралды

Үкімет үйінде Қазақстан өңірлерінің су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндама жасады. Өңірлердегі ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов баяндап берді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқынына дайындық мәселесі туралы баяндама жасады. Министрдің айтуынша, 2023 жылғы су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге дайындық аясында биліктің барлық деңгейлерінде үлкен жұмыс жүргізілді. Оңтүстік аймақтарда белсенді қар еру басталуына санаулы күн қалды. Қазір барлық күш-жігер алдын алу шаралары мен су тасқынына дайындыққа бағытталған.

Осы жылдың екі айында 15,1 км уақытша бөген салынды, 24 км-ға жуығы жөнделді, 16 км-ден астам уақытша бөген, сондай-ақ елді мекендердің айналасында 41 км білік тұрғызылды. 5 мың км-ға жуық каналдар мен арықтар, автомобиль және темір жолдары астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды.

Халықпен 2 мыңнан астам жиын өткізілді, 55 мыңнан астам ұсыным таратылды. Әлеуметтік желілердегі жағымсыз ақпаратты барынша азайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, брифингтерде ведомство қызметкерлері баяндама жасап отырады.

«Осы жылы су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді», — деді Юрий Ильин.

Полиция бөлімшелерімен бірлесіп, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар басталды және жүргізілуде, бұл дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту. Су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.

«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақытылы шығарылуы маңызды. Жергілікті бюджеттерден қар шығаруға бөлінген қаражатты талдау олардың негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарынан қар шығаруға бөлінетінін, ал көптеген ауылдық елді мекендер тиісті назардан тыс қалатынын көрсетеді», — деді төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Жарылыс жұмыстары арқылы өзендердегі мұздың әлсіреуі де маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда өңірлерде жарылыс жұмыстарын жүргізуге 35 шарт жасалды. Министрдің айтуынша, бұл мәселе Роман Васильевичтің жиналысында талқылнды.

«Біздің қызметкерлер қоймаларда жарылғыш материалдарды сақтау орындары мен көлемін анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Олардың саны 150-ден асады, онда 130 мың тоннадан астам жарылғыш заттар сақталады. Су қоймаларындағы су ағызуларды реттеу жөнінде шешімдердің уақытылы және жедел қабылдануы – тасқын суларды апатсыз өткізудің негізгі шарттарының бірі», — деді Юрий Ильин. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері Шардара су қоймасында және Көксарай су реттегішінде күрделі жағдай қалыптасып келеді. Бүгінгі таңда Шардара су қоймасының суға толуы 5,1 млрд м3 немесе 98%-ды құрайды. Көксарай су реттегішінде – 1,8 млрд м3 немесе 98%. Бұл ретте Су ресурстары комитетінің тапсырысы бойынша «Қазгипроводхоз» институты тексеру жүргізіп, оның техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді, оған сәйкес жинақтау 1,8 млрд м3 судан аспауы тиіс.

Юрий Ильиннің айтуынша, бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бірнеше рет хабарланған. Су тасқынының ықтимал жағдайы Шардара су қоймасынан және Көксарай су реттегішінен көп мөлшерде су ағызған жағдайда, Түркістан және Қызылорда облыстарының аумақтарын су басуы мүмкіндігімен күрделене түседі.

Қызылорда облысының солтүстік аудандарындағы мұз қатуды Су ресурстары жөніндегі комитет су шығыны төмен кезде белгілеген, ол су төгінділерін қауіпсіз арттыруға мүмкіндік бермегендіктен, жағдай қиындап барады.

«Экология және табиғи ресурстар министрлігі Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінде судың жинақталу барысын бақылау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру жөніндегі біздің ұсыныстарымызды есепке алған жоқ. Гидротехникалық құрылыстардың су тасқынына әзірлігін бағалау Экология және табиғи ресурстар министрлігінің олардың санының жыл сайынғы өзгеруіне байланысты да қиынға соғуда», — деді төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Егер 2022 жылдың басында ГТҚ жалпы саны 1 823 болса, оның 537-сі жөндеуді қажет етсе, биыл олардың саны 1 806 534-і жөндеуді қажет етеді. ГТҚ көбісінің техникалық жай-күйі жабдықтың тозуы, негізгі конструкциялардың уақытша ескіруі және күрделі жөндеулер жүргізу себебінен сенімді пайдалану талаптарына келмейді.

Еліміздегі су шаруашылығы объектілерінің көбінің нақты тозуы бүгінде 60%-дан астамды құрайды, осыған байланысты олардың сенімділігі мен қауіпсіздігі төмендеген. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мен өнімділігін бағалау үшін оларды көп факторлы тексеру қажет. Министрдің айтуынша, осыған байланысты Су ресурстары комитетінің ЭТРМ осы процесті қаржыландырудағы бюджеттік өтінімін қолдау қажет. Өткен ғасырда салынған гидротехникалық құрылыстар ғана емес, сонымен қатар жаңа ГТҚ да алаңдаушылық туғызады.

«2021 жылы Алматы облысында коммуналдық меншіктегі су қоймаларын пайдалану қағидаларын бұзудың 3 фактісі тіркелді, онда ГТҚ-дан төмен орналасқан елді мекендерді су басу қаупі туындады. Айдың басында елдің оңтүстік өңірлерінде болған су тасқынына су бұру каналдарының, арықтардың, елді мекендердің айналасында қорғаныш үйінділерінің болмауы, сондай-ақ зардап шеккен кенттер ішінде арық-дренаж жүйесінің болмауы ықпал етті. Салдарынан 46 елді мекеннің аулалары мен көшелері су астында қалды», — деді Юрий Ильин.

Бұған дейін бағдарламалық құжаттар шеңберінде бұл фактінің алдын алу мүмкіндігі болды. Бірақ, сайып келгенде, факт, бұл тапсырмалар мен жоспарлау құжаттарын орындауға формальді көзқарас туралы айтады. «Қазгидромет» болжамының арқасында осы өңірлердегі күштер мен құралдар алдын ала арттырылған әзірлікке ауыстырылды, бұл су тасқынының жағымсыз салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 317 аула аумағынан 21 мың текше метрден астам су сорылды, уақытша бөгендерге 18 мыңнан астам құм салынған қап төселді. Бұл ретте Түркістан облысы Арыс қаласындағы бір тұрғын үйді су басу Қабылсай өзенінің су қорғау белдеуінде тұрғын үйді салу салдарынан орын алды. Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, адамдарға қажетті көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер жоқ.

«Су тасқыны төтенше жағдайларының ықтимал жағымсыз салдарының алдын алу және оларды азайту мақсатында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйелерінің бөлімшелері жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерінің, әкімдіктердің қызметкерлерінен құралған жұмыс топтары аудандар мен елді мекендердің су тасқынына әзірлігін бағалайды», — деді Юрий Ильин. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әкімдіктердің су тасқынына әзір еместігі туралы 179 ескерту берілді. Су тасқыны бар соңғы оқиғалар, негізінен, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері су тасқынының алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға және салдарын жоюға тартылатынын көрсетеді, бұл ретте әкімдіктер су тасқыны қатерлеріне жедел ден қоюға толық дайын екендігін хабарлайды. Мысалы, Алматы мен Абай облысында су айдау, қапшықтарды төсеу, арықтар мен өзен арналарын тазарту, қар шығару және қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары үшін азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тартылды.

Министрдің айтуынша, төтенше жағдайларда суды айдау үшін өрт сөндіру машиналары, мотопомпалар тартылады, олардың мақсатсыз пайдаланылуы істен шығуға және қымбат жөндеуге әкеледі. Су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасуда және Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында.

Әрі қарай экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова тақырып бойынша баяндама жасады. Министр су тасқыны алдындағы гидрометеорологиялық ахуал, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. 2023 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша «Қазгидромет» РМК ұсынған консультатитік болжам бойынша жазық аумақтағы қар жамылғысындағы ылғал қорының көрсеткіштері мынадай: Қарағанды облысының Нұра өзенінің бассейнінде – 47%; Ақмола облысының Жабай өзенінің бассейнінде – 12%; Солтүстік Қазақстан облысының Есіл өзенінің бассейнінде – 4%; Қостанай облысының Тоғызақ және Қараторғай өзендерінің бассейндерінде – 27-82%; Ақтөбе облысының Елек өзенінің бассейнінде – 18% орташа көп жылдық мәндерден жоғары. Республикамыздың қалған өңірлерінде көрсеткіш орташа көп жылдық мәндер шегінде немесе одан төмен.

Қар өлшеуіш маршруттарының мәліметтері бойынша 2023 жылғы 1 ақпанда елдің таулы бөлігінде қар қоры бойынша жағдай келесідей қалыптасты:

  • Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларының аумақтарында, сондай-ақ Ертіс өзенінің сол жағалауындағы салаларда және ШҚО мен Абай облыстарындағы Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінде 33-80%;

  • Жетісу облысындағы Жетісу Алатауы өзендерінің бассейндерінде 39%;

  • Түркістан және Жамбыл облыстарындағы Қаратау жотасының оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс беткейіндегі өзендердің бассейндерінде 13-29% орташа көп жылдық мәндерден жоғары.

Республикамыздың қалған өңірлерінде орташа көп жылдық мәндер шегінде немесе одан төмен.

2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 20 ақпанға дейінгі кезеңде таулы және тау бөктеріндегі өзендер бассейндерінде орналасқан метеостанциялардың мәліметтері бойынша нормадан асатын жауын-шашынның көп мөлшері түскен. 2023 жылғы ақпан айындағы таулы аймақтағы қар қорының көлемі туралы деректер 2023 жылғы наурыз айының басында негізгі гидрологиялық болжаммен қамтамасыз етіледі.

«Айта кететін жайт, бүгінде еліміздің басым бөлігінде қар қорының жиналуы жалғасуда. Сонымен қатар наурыз, сәуір айларында көп жылдық бақылаулардың негізінде жауын-шашын қорының едәуір түсу қауіпі сақталады. Топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштері келесідей болды. Орташа көп жылдық мәндерден жоғары: Ақмола және СҚО өзендерінің бассейндерінде – 23-46%; Қостанай облысы өзендерінің бассейндерінде – 12-123%; Атырау және Ақтөбе облыстарының бассейндерінде – 15-72%; БҚО өзендерінің бассейндерінде – 33-104%. Республикамыздың қалған өңірлерінде көрсеткіш орташа көп жылдық мәндер шегінде немесе одан төмен», — деді Зүлфия Сүлейменова. 

Сонымен қатар Ақмола, Қостанай, Ұлытау, БҚО, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 5-тен 97 см-ге дейін жоғары. Қарағанды, Ақмола, СҚО және Қостанай облыстарында өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 3-тен 38 см-ге дейін төмен.

Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, наурыз айында температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр болған жағдайда еріген жаңбыр суынан тасқын пайда болуы мүмкін. Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай, ШҚО, Жетісу облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында 1°С-қа жоғары болады деп болжанады.

Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, батыста, оңтүстік-батыстың жекелеген аудандарында және ҚР солтүстігінде нормадан артық болжанады. Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, су тасқыны қауіпі бар аймақтар анықталды.

Маңғыстау облысы тәуекелі төмен аймаққа, Павлодар және Ұлытау облыстары орташа тәуекелді аймақтарға, ал еліміздің қалған өңірлері тәуекелі жоғары аймақтарға жатқызылды. Осы жылдың наурыз айынан бастап гидрологиялық болжам апта сайын ұсынылатын болады.

Гидрометеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» РМК су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулерді алдын ала 2-3 тәулік бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шаралар ұйымдастыру үшін жолдайтын болады.

Бүгінде республиканың ірі су қоймаларында cу толтыру көлемі 60-75%-ды құрайды. Ірі су қоймаларына ағын көлемі норма шегінде күтіледі. Жалпы барлық су қоймаларында тасқын суды қабылдау үшін бос сыйымдылықтар қарастырылған.

«Еліміздің оңтүстігіндегі ГТҚ толуы мен оларға су келуін ерекше бақылауда ұстаудамыз. Мәселен, Сырдария бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы келесідей: Бүгінде Шардара су қоймасында жиналған су көлемі – 5 110 млнм3. Көксарай су реттегішінде жиналған су көлемі – 1 810 млн м3. Шардара су қоймасының және Көксарай су реттегішінің айналасындағы жағдай – үнемі бақылауда. Айта кететін жағдай, осы жылдың екі айында Аралға 807 млн м3 су жіберілді, бұл Арал теңізінің экожүйесіне оң септігін тигізеді», — деді экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова. 

Министрдің айтуынша, Қазақстанның шығысында және солтүстігінде орналасқан жөндеуді қажет ететін ГТҚ транзиттік режимге көшірілді. Республика аумағында барлығы 1 806 тірек гидротехникалық құрылыстар бар. Биылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша 1 501 ГТҚ зерттелді. 534 объекті жөндеуді талап ететіні анықталды, оның ішінде республикалық меншікте 106, коммуналдық меншікте 359, жеке меншікте 50, иесіз 19 ГТҚ бар.

«Су тасқыны тәуекелдерін төмендету мақсатында жергілікті атқарушы органдар және Төтенше жағдайлар министрлігі өз құзіреті шегінде коммуналдық меншіктегі ГТҚ тасқын су жүру кезеңінде апатсыз су жинақтау және су өткізу бойынша қажетті іс-шараларды қабылдау қажеттігін ескертеміз. Министрлік ГТҚ-ның барлық иелеріне тасқын суларды қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін тиісті іс-шараларды жүргізу туралы ұсынымдарды алдын ала берген болатын. Оларды толыққанды жүзеге асыру қажет», — деді Юрий Ильин. 

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар іс-шараны қабылдады. Атап айтқанда, жедел штаб құрылды, кезекшілік кестесі бекітілді, барлық ГТҚ-да тасқын суларды қауіпсіз өткізу бойынша қорлар бекітілді. Су пайдалану ГТҚ пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуда.

«Жалпы республикалық меншік объектілеріндегі су шаруашылығы жағдайы – біздің Министрліктің тұрақты бақылауында», — деді экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.

Одан кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндама жасады. 

Оның айтуынша, су тасқыны кезеңіне дайындық және оны өткізу шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі автомобиль жолдары және теміржолдар бойынша тиісті шараларды қабылдауда.

Бірінші кезекте Марат Қарабаев республикалық маңызы бар автожолдар бойынша cөз қозғады. Оның айтуынша, республикалық жолдардың ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды, тексерулердің нәтижелері бойынша ақпан айында 396 қауіпті учаске, 68 көпір мен 768 су өткізгіш құбырлар анықталды. Осы нысандарға 700-ден астам жол-пайдалану техникалары бекітілді.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы қамтамасыз ету мақсатында барлық қауіпті учаскеде тәулік бойы кезекшілік пен күнделікті қарау жүргізілуде. Жұмыстарды жедел ұйымдастыру және су тасқыны қаупін жою үшін барлық қажетті инертті және басқа да материал толық көлемде дайындалды. Атап айтқанда, 20 мың текше метр құм, 6 мың текше метр тау-тас, 8 мың текше метр қиыршық тас, 18 мың текше метр құм-қиыршық тас және 125 мың дана қап дайындалды.

Қазіргі уақытта оңтүстік өңірлерде су өткізгіш құбырлардың барлығы тасқын және еріген сулардың өтуін қамтамасыз етуде, солтүстік өңірлерде ауа райы жағдайына байланысты 5 мың 742 су өткізгіш құбырларының саңылауларын ашу мен қардан тазарту жұмыстары басталды.

Қар қатты еріген және жаңбыр түріндегі жауын-шашын кезінде автожолдарды сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы жол құрылыстары арқылы тасқын және еріген суларды кедергісіз өткізу бойынша дереу шаралар қабылдануда. Су тасқынына қарсы іс-шараларды қаржыландыру автожолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаражат аясында қаралған.

Су тасқыны кезеңінен бастап республикалық жолдар бойынша Жамбыл облысында бір су шаю жағдайы орын алды, атап айтқанда еріген судың мол көлемде өту нәтижесінен осы жылдың 22 ақпанында Бурылбайтал мен Ақсүйек елді мекендері арасындағы учаскінің 3 жерінде айналма жол шайылды. Қозғалыс Алматы – Қайнар – Шу – Бурылбайтал бағыттары бойынша жүзеге асырылды.

Бұл пайдалануға әлі берілмеген, реконструкция жүріп жатқан учаскі. Мердігер ұйым жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, ағымдағы жылғы 26 ақпаннан бастап жол жүрісін қамтамасыз етті.

Одан кейін индустрия жәе инфрақұрылымдық даму министрі теміржолдар бойынша сөз қаозғады.

Оның айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен су тасқыны кезеңінде жол мен жасанды құрылыстардың сақталуы мен тұрақты жұмысын, сонымен қатар пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар бекітілген.

Қазіргі уақытта аумақтық ұйымдармен бірлесіп, теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймасы мен бөгеттердің жай-күйін тексеру, сондай-ақ қиын жағдай туындаған кезде облыстық төтенше жағдайлар бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелері бойынша 673 қауіпті орындардың тізімі анықталды, олар – көпірлер, құбырлар және жер төсемі. Тасқын және еріген суларды өту кезеңінде тәулік бойы кезекшілік пен қауіпті орындарды қарау ұйымдастырылады.

Жалпы 3 мың 578 көпірді, 6 мың 327 су өткізгіш құбырды, 545 шақырым таулы арықтарды және 2 мың 29 км кюветтерді қар мен мұздан тазарту жұмыстары басталды. Жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін 2 мың 400 текше метр бут тас және 8 мың темірбетон шпал, 44 рельсті пакет және 17 металл аралық құрылым дайындалды.

«Республика бойынша тау-тастар, рельс пакеттері және кондициялық емес темірбетон шпалдары бар 45 тасқынға қарсы пойыз құрылуда. Оңтүстік өңір бойынша 15 пойыз құрылды. Бұдан басқа осы жылдың 15 наурызына дейін Батыс өңірінде 10 пойыз, Шығыста 5 пойыз және 1 сәуірге дейін Солтүстік өңірде 15 пойыз құрылатын болады. Су тасқыны кезеңіне дайындалу мен оны өткізу барысы тұрақты бақылауда және қажетті шаралардың барлығы қабылданатын болады», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Түркістан облысының су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы өңір басшысы Дархан Сатыбалды баягдама жасады.

Оның айтуынша, Су тасқынына қарсы 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар кешені жол картасының аясында Түркістан облысына қатысты 20 іс-шара жоспарланған. Өткен жылдары қаржы қарастырылмай, биыл жоспарланған іс-шаралардың барлығына қажетті 2 млрд теңге толық қаралды. Нәтижесінде 32 шақырым арна түзеу, 15 шақырым жаға бекіту жұмыстары жоспарлануда.

Сонымен қатар көктемгі су тасқынының алдын алу үшін облыста қосымша іс-шаралар бекітіліп, барлық аудан, қалада қажетті жұмыстар жүргізілді. Сырдарияның бойында орналасқан елді мекендерді су басуын алдын алу мақсатында 97 шақырым қорғаныс дамбаларының жағдайы тексеріліп, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.

Бұдан бөлек, облыс аумағында 1 200 шақырымды құрайтын 680 арық пен канал қоқыстан тазартылып, 952 шақырым арналар механикалық тазартудан өткізілді. Атқарылған жұмыстардың есебінен 5 ауданда орналасқан 43 елді мекенді су басуға жол берілмеді.

«Дегенмен жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты су көлемі көбейіп, бірқатар елді мекенді су басты. Осыған байланысты шұғыл түрде жедел штаб құрылып, барлық қажетті шара қабылданды. Сауран ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жүргізілген бағалауға сәйкес залал 50 млн теңгені құрап, қажетті қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», — деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды. 

Сонымен қатар облыста Шардара су қоймасы және Көксарай су реттегіші орналасқан. Қазіргі уақытта Шардара су қоймасы 100%-ға жақындап қалды, ал Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы Көксарай су реттегішінің сыйымдылығы 3 млрд текше метрді құрайды.

Бірақ 2022 жылы Көксарай су реттегіші дамбысының техникалық жай-күйін зерттеу барысында 1,8 млрд текше метрден артық су жинау мүмкіндігі жоқ екені анықталды. Қазіргі уақытта жиналған су көлемі бұл деңгейден 22 млн текше метрге асты.

«Қазірдің өзінде қорғаныс бөгетіндегі ыза сулардың шығуы көбейіп, бөгеттің төменгі жағынан судың құммен шығуы байқалуда. Осыған орай көктемде ықтимал су тасқынын қабылдау үшін су реттегіштің толтырылуын тоқтатып, артық суды босатуды ұсынамыз», — деді Дархан Сатыбалды. 

Өңір басшысының айтуынша, аталған су объектілерінің жағдайы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «ҚазСуШар» мекемесі тарапынан шұғыл түрде жүйелі шараларды қабылдауды талап етеді. 

«Облыс аумағындағы су тасқынының алдын алу жұмыстары – тұрақты бақылауда», — деді Түркістан облысыны әкімі Дархан Сатыбалды.

Әрі қарай Жамбыл облысының 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы өңір басшысы Нұржан Нұржігітов баяндама жасады.

Оның айтуынша, облыста су тасқыны кезеңін апатсыз режимде өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген, кезекшілік кестесі әзірленген.

«Биылғы ақпан айының басында ауа райының күрт жылуына және жауын-шашын мөлшерінің мол түсуінен таулы аумақтарда қар жамылғысының еруі салдарынан 3-6 ақпан аралығында облыстың 4 ауданында су басу жайлары орын алып, дер кезінде ретке келтірілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде төтенше жағдай салдарынан мүлік, мал шығыны орын алған жоқ», — деді Жамбыл облысының әкімі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс аумағында каналдарды, дренаж каналдарды, арық желілерін және су өткізу құрылғыларын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар таулы аймақтардағы елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу және оларды жою мақсатында, көлбеу және беткейлік ағынан сақтау үшін ұзындығы 1 300 шақырымнан астам 4 айналма каналтазартылды.

«Облыс аумағында көктемгі су тасқыны кезеңінде әкімшілік аумақтардағы су басуы қауіпі бар 42 елді мекеннің 34-інен қауіп алынды, 2 елді мекеннің қауіпі төмендетілді. Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы бекітіліп, 2021-2023 жылдары осы мақсатқа 3,3 млрд теңге бөлініп, 25 шақырым жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде», — деді Нұржагн Нұржігітов.

Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жағдайын нығайту мақсатында 660,6 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар 2023 жылға жергілікті бюджеттен шұғыл шығындарға және төтенше жағдайға арналған резервтерден 1,4 млрд теңге бөлінді.

Гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайын тексеру және нақтылау бойынша іс-шаралар жүргізіліп, 17 гидротехникалық құрылысқа 2023 жылы және қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін 133,4 млн теңге қаралған. Ірі су қоймаларының жұмыс режимінің кестесі әзірленіп, толымдылығы мен жұмысына бақылау жүргізілуде. Өңір басшысының айтуынша, жалпы бұл бағыттағы жұмыстар – тұрақты бақылауда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу