К.Мəсімов пен Б.Йылдырым ҚР мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов Түркия Республикасының Премьер-Министрі Бинали Йылдырыммен телефон арқылы əңгімелесті.

Кəрім Мəсімов түрік əріптесін Үкімет басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жұмыста табыстар тіледі.

Əңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың ағымдағы жағдайы мен оны дамыту перспективаларын талқылады. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу