К.Мәсімов Twitter-де виртуалды шынайылықты дамыту перспективалары туралы видео жариялады

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-дегі парақшасында видеоролик жариялады, онда Tesla Motors басшысы Илон Маск виртуалды шынайылықты дамыту перспективалары туралы пайымдайды.

«Бір жыл бұрын бізде «Пинг-понг» — екі тік төртбұрыш және нүкте болды. Осындай ойындар болатын. Қырық жыл өткеннен кейін бізде фотореалистік 3D-симуляторлар бар, оны бір мезетте миллион адам ойнайды, және олар жыл сайын жақсарып келеді. Жақында бізде виртуалды шынайылық, толықтырылған шынайылық пайда болады.

Жақсарудың қандай да бір қарқыны сақталатын болса, көп кешікпей ойындардың шынайылықтан айырмашылығы болмайды.  

Бір күндері ойындардың  шынайылықтан еш айырмашылығы болмаса, оған қоса олар кез келген компьютерде, приставкада немесе болашақта қандай да бір құрылғыда қолжетімді болса, ал мұндай құрылғылар миллиард болады, онда біздің бұрынғы шынайылықта қалу мүмкіндігіміз миллиардқа біреу ғана болмақ. Айтыңыздаршы, мұның несі жаман?», - деген сұрақ қойды Илон Маск видеода.

Өз кезегінде К. Мәсімов болашақта адамзатты басқа да өзгерістер күтіп тұрғанын айтқан болатын. Мысалға, күн батареяларының нарығын дамыту және автомобиль жасаудың өзгеруі.

«Біз қаласақ та, қаламасақ та, автомобиль басқа болады. Қазір біз елдердің бірінен соң бірі дизельдік автомобильдерден бас тартып батареямен жүретін автокөліктерге көшу туралы шешім қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Яғни, мұның бәрі де болады, ендеше бізге мұнай өңдеу зауыттары бойынша, дәстүрлі автомобиль жасауды дамыту бойынша шешімді қалай қабылдау керек? Мұның бәрі алыс болып көрінгенімен, 10-15 жыл жылдам өте шығады және біз Үкімет ретінде сіздермен бірге осы сұрақтардың жауабын табуымыз керек», - деді К. Мәсімов биыл маусымда өткен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының III съезі аясында. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу