К.Мәсімов студенттік шақтағы видеосын жариялады

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Instagram әлеуметтік желісінде студенттік шақтағы видеосын жариялады.

"Құрылысшылар жасағы. Студенттік шақ, 80-жылдар", - деп жазды К. Мәсімов.

Айтар болсақ, 1985 және 1988 жылдар аралығында К. Мәсімов Патрис Лумумба атындағы Халықтар достастығы университетінде оқыған.  

Құрылысшылар жасағымен Кәрім Мәсімов Ақмола облысы Шортанды ауданындағы Ключи ауылында болған. Ол ауыл Астанадан 45 шақырым жерде орналасқан.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу