Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақтың әлеуметтік-экономикалық жай-жапсарын бағалау үшін Алматы облысына келді.

Жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы қоғам өкілдерімен, жастармен кездеседі, «Ақ бұлақ» бағдарламасының, тұрғын үй құрылысы, «Нұрлы жол», облыстың агроөнеркәсіптің кешенінің даму, индустриалдық даму бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізеді.

Кәрім Мәсімов Талдықорған қаласындағы әуежайдың қайта жөнделу барысын тексереді, облыстағы жол инфрақұрылымының, тұрғын үй құрылысы, Алматы облысын газдандыру, индустриалдық аймақтардың және өнеркәсіптік алаңдардың даму барысымен танысады деп күтілуде.

Еске салайық, Үкімет басшысының кестесінде ел аймақтарын аралау жоспарланған. Өткен аптада Премьер-министр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болып қайтқан еді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу