К.Мәсімов Ұлттар Достастығының Бас хатшысы Баронесса П.Скотландпен кездесті

Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанаға ресми сапармен келген Ұлттар Достастығының Бас хатшысы Баронесса Патриция Джанет Скотландпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар құқықтық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, қазақстандық-британдық стратегиялық әріптестікті тереңдетудің маңыздылығын айтып өтті.

Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша К.Мәсімов пен П.Скотланд өзара қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниет білдірді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу