Жұма, 22 қаңтарда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Грузия Премьер-Министрі Георгий Квирикашвилимен кездесуі өтті.
Жүздесу барысында Үкімет басшылары газ өндіру және тасымалдаудағы өзара іс-қимыл жайын талқылады. Тараптар осы саладағы кездесіп отырған мәселелерді шешуге ықпал ететін жұмыс тобын құруға уағдаласты.
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің Премьер-Министрлері өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз