ШҚО-да жекешелендірудің кешенді жоспары әзірленуде
Шығыс Қазақстанда 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары әзірленуде.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Сәуле Ұлақованың қатысуымен ШҚО ақпараттық орталықтағында өткен брифингте мәлім болғандай, бәсекелестік ортаға беруге жататын ұйым тізіміне 40 коммуналдық меншік ұйымы және «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ-ның 4 еншілес кәсіпорны енгізілді.
С.Ұлақова айтып өткендей, Үкімет еркін және шынайы бәсекелестік үшін жағдай жасайды.
«Монополияға қарсы қызметті күшейту бойынша ұсыныстар енгізіледі, экономиканың барлық секторларында нарықтық баға белгілеуге көшу, банкроттық үдерістерді тиімді реттеу, тиімсіз компанияларды сауықтыруға көшу жалғасын табады», - деп хабарлады С.Ұлақова.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз