Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы бюджеттік бағдарламаларды атқару тиімділігін арттыруы тиіс - Үкімет Басшысы

Республикалық бюджетті сапалы атқару жаңа бюджет саясаты Тұжырымдамасында қарастырылған, бір айдың ішінде Мемлекет басшысының бекітуіне жіберілетін болады, деді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде.

«Жаңа үш жылдық бюджетті қалыптастыруда икемділік керек. Бюджетті қазіргі жүріп жатқан дағдарыс пен рецессия жағдайында қалыптастыру күрделі мәселе»,-деді С.Ахметов.

Атап айтқанда, Үкімет басшысының айтуынша, үстіміздегі жылы орындалған инвестициялық жобаларда жеткілікті дәрежедегі жақсы әлеует бар, сондықтан, олардан қаржы қайтарып алынбайды, қайта келесі бюджеттік жылға ауыстырылады, немесе керісінше, егер жобаны биыл жүзеге асырудың инвестициялық әлеуеті болса, онда бағдарламалар әкімгерлері бұл қаржыны ол инвестициялық жобаны аяқтау үшін жұмсауға мүмкіндік алады.

«Әрине, экономика қатаңданады, біз осы орайда басымдықты бағдарламаларға бағыт ұстаймыз. Тексеріс шеңберінде біз 43 бағдарламаны қараймыз, оның 5-еуі мемлекеттік. Біз үшін аса маңызды бағдарламаларды біріктіретін боламыз»,-деп атап көрсетті С.Ахметов.

Сондай-ақ Премьер-Министр бюджет саясаты Тұжырымдамасының, мемлекеттік аудит Тұжырымдамасының және стратегиялық жоспарлау Тұжырымдамасының бір айдың ішінде Мемлекет басшысының бекітуіне жолданатынын хабарлады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу