Әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасы бұл салада сапалы жаңа көзқарасты қарастырып отыр - ҚР Премьер-Министрі

Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа Тұжырымдамасы базасында бірқатар маңызды салаларда құрылымында сапалы жаңа көзқарас пайдаланылатын болады, деді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

                   

«Үкімет әлеуметтік жаңғыртудың жаңа Тұжырымдамасын қарады, ол Мемлекет басшысының қарауына ұсынылады. Осы Тұжырымдама шеңберінде халқымыздың әлеуметтік жағдайына қатысты, бірінші кезекте әрине, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты барлық аспектілер ескерілетін болады», - деп атап көрсетті С.Ахметов.

«Осы Тұжырымдама базасындағы бағдарламалар шеңберінде, даму бағдарламалары шеңберінде, білім берумен қатар денсаулық сақтауда, қамтамасыз ету , оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін түбірінен сапалық өзгертетін жаңа әдістер қолданылатын болады», - деді Үкімет басшысы.

Атап айтқанда, биыл 50 білім беру субьектілері базасында болашақта білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жаңа стандарттар қолдануға әкелетін жан басына қаржыландыру тетігі қолданылатынын еске салды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу