Қостанай облысының өнеркәсіптік өндірісінің құрылымында 50% астамы өңдеу саласына тиесілі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, оны дамытуға және жалпы алғанда еліміздің экономикалық ілгерілеу қарқынына сапалы үлес қосуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан өңірлерінде белсенді түрде іске асырылуда. Қостанай облысында осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы PrimeMinister.kz материалын оқыңыз.

Қостанай облысы Батыс Орал және оңтүстік-шығысында Орталық Қазақстан секілді дамыған өнеркәсіптік өңірлерге көршілес орналасуына байланысты экономикалық және географиялық жағынан тиімді орналасқан. Өңір Қазақстан Республикасының төрт өңірімен және Ресей Федерациясының үш өңірімен шектеседі. Қостанай облысы 16 ауданнан, 4 облыстық және 1 аудандық маңызы бар қалаларды қамтиды. Облыс аумағының ауданы 196 мың шаршы шақырымды құрайды. Халық саны 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 873,1 мың адамды құрайды, оның ішінде қала халқы — 475,5 мың адам.

Облыс әкімдігінің деректері бойынша, 2018 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық негізгі экономикалық бағыттар бойынша оң қарқын көрсетіп тұр. Өткен жылдың үшінші тоқсанында орташа айлық атаулы еңбекақы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға өсті. Әлеуметтік салаға 98,5 млрд теңге бөлінді, бұл облыстық бюджеттің шамамен 41% құрайды.

Жалпы өңірлік өнім 10,3%-ға өсіп, 1 386,6 млрд теңгені құрады: негізгі үлес өнеркәсіпке тиесілі — 26,1% немесе 361,3 млрд теңге (көтерме және бөлшек сауда — 14%, көлік — 11,5%, ауыл шаруашылығы — 10,1%).

 

Өнеркәсіпті дамыту: өңдеу саласының үлесін ұлғайту

Қостанай облысы — Қазақстанның ірі тау-кен өндіруші өңірлерінің бірі. Бұл саланың кәсіпорындары бокситтер мен асбесттің, теміркенді шекемтастардың 100% республикалық көлемін, темір кенінің 60%-дан астамын өндіреді.

Сала өнімдері — облыстың негізгі экспорттық өнімі және валюталық түсімдердің негізгі көзі. Қостанай облысының заманауи көп салалы өнеркәсібі комбинаттар, зауыттар, қазіргі заманғы шағын кәсіпорындардан құралған. Облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 700-ден астам кәсіпорын айналысады, онда 43 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда облыстың өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы өңдеу саласының үлесі 50%-дан асады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өсім 5,8% құрады. Аталған сала машина жасау, металлургия, құрылыс материалдарын өндіру, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп салалары және т.б. құралған.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік еңбек өнімділігі өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрландыру элементтерін енгізуімен байланысты артып келеді, 2018 жылдың 9 айында $15,2 мың құрады.

Жалпы, 2017–2018 жылдары кәсіпорындар 800 млн теңгеден астам сомаға 6 жобаны іске асырды, ал тек «Қостанай минералдары» АҚ бойынша болжанған нәтиже жылына 165 млн тг құрады, ал кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі 5-10%-ға дейін ұлғайды. 2025 жылға қарай жиынтық мәнде 300 млрд теңгеден асатын күтілетін әсерімен 100 млрд теңгеден асатын сомаға тағы 10 жоба бар. Сонымен қатар, облыс ұн (29,1%), өсімдік майы (4,2%), сүт өнімдері (16,3%) және кондитерлік өнімдер (34,1%) шығарудан жетекші орынға ие.

Машина жасау көлемдері ұлғайтылуда, 2018 жылы сала бойынша өнім шығару 13% артып, 113,4 млрд теңгені құрады. Облыс Қазақстандағы астық жинайтын комбайндар шығаратын жалғыз өнеркәсіптік кәсіпорын. 2005 жылдан бастап «АгромашХолдинг» АҚ алаңдарында 4 мыңнан астам комбайн құрастырылды, оның ішінде 2018 жылы — 240 бірлік.

Қостанай облысының автомобиль өнеркәсібі облыстың және жалпы еліміздің экономикасындағы ең жас салалардың бірі. Егер 2010 жылы кәсіпорындар 77 автокөлік құрастырса, 2018 жылы олардың саны 12 мыңнан асты. 2016 жылдан бастап Қостанайда «Қазақстанда жасалған» юрендімен 46 электромобиль шығарылды, олар еліміздің солтүстік өңірлерінде жол сынақтарынан «үздік» өтіп, оларды Қазақстанда насихаттау шараларына белсенді араластырылып келеді.

Сонымен қатар, Қостанай облысының автомобиль жолдарының желісі республикадағы ең ұзын жолдардың бірі саналады және 9,2 мыңнан астам км құрайды. Облыстың автомобиль жолдары сапасын жақсартуға бағытталған қаражаттар бойынша 3 жылдық динамикасы мынадай: 2016 жыл – 17,6 млрд теңге, 2017 жыл – 34,1 млрд теңге, 2018 жыл – 37,6 млрд теңге. 2018 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында жөндеумен 331 км қамтылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қаңағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 66% құрап, 2017 жылдың үлесінен 2% асты. 2018 жылы Қостанай әуежайының ұшу-қону жолын қайта жаңғырту басталды, ол үшін 4,6 млрд теңге бөлініп, игерілді. Реконструкциялау жұмыстары 2019 жылы аяқталады.

 

Өткізудің жаңа нарықтары: 75 елге өнімдерді экспорттау

2018 жылдың қаңтар–қараша айларында облыстың тауар айналымы $2670,3 млн асты (өсім — 45,5%). Сонымен бірге, экспорт $1518 млн, ал импорт — $1152,3 млн құрады. Айта кету керек, шығарылатын өнімнің экспорттық жеткізілімдерін жүзеге асыру өңірдің сыртқы экономикалық және сауда қызметінің басым міндеттерінің бірі саналады.

Облыстың кәсіпорындары ішкі және сыртқы нарықтарда өзін-өзі танытқан көптеген өнімдер шығарады. Облыс 75 елге өнім экспорттайды. Негізгі үлес Ресей Федерациясына тиесілі. Сонымен қатар, облыстың кәсіпорындары Қырымның, Самараның, Шешенстанның, Украинаның, Беларусьтің, Арменияның, Қырғызстанның, Румынияның және т.б. елдердің өнімдер өткізу нарықтарын игерген.

Бұған қоса, темір кені өнімдері Қытай мен Ресейге, асбест — алыс шет елдеріне және ТМД елдеріне, автомобильдер — Ресейге, Тәжікстанға және Қырғызстанға, кондитерлік өнімдер— Моңғолияға, Германияға, Қытайға, ТМД елдеріне экспортталады; сүт өнімдері — Ресейге, ұн және макарондар — Ауғанстанға, Иранға, ТМД елдеріне экспортталады. 2018 жылы Қытайға мыс концентраты экспорттала бастады.

Облыста Экспортты дамыту жөніндегі өңірлік кеңес тұрақты негізде жұмыс істеп келеді, ол сыртқы нарықтарға шығу туралы шешімдер мен ұсыныстарды әзірлеу мақсатында экспорттаушы кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін қарастырады.

 

Инвестициялық жобалар 700-ден астам жұмыс орындарын ашты

Облыс әкімдігінде хабарланғандай, инвестициялық салада да оң өсім қарқыны байқалады. 2018 жылы облыс экономикасына 245,3 млрд теңге инвестиция салынды, ол құны бойынша 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 43 млрд теңгеден асады. Негізгі капиталға салынған сыртқы инвестициялар 31,6 млрд теңгені құрады немесе өсім — 38,6%.

Өңірдің экономикалық дамуындағы маңызды фактор — индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады, оның арқасында 2018 жылы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңдеу секторының үлесі 51,7%-ды құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 22,7%-ға ұлғайған. Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері облыста 150,3 млрд теңгеге 90 жоба пайдалануға беріліп, 5,6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл кәсіпорындар барлық кезеңде (2010 жылдан бастап) 700 млрд теңгеден астам сомаға өнім шығарған (соның ішінде 2018 жылы — шамамен 170 млрд тг).

2018 жылы барлығы 25,2 млрд теңгеге 7 инвестициялық жоба іске асырылды, 700-ге жуық жұмыс орны құрылды. Олардың қатарында цемент және трактор зауыттары, ет өңдеу кешендері, кондитерлік өнімдер мен құрылыс материалдарын шығару цехтары, 2 қоспа жем зауыты бар. 2018 жылы инвестициялық салада өңір үшін жемісті болды және өңдеу өнеркәсіпбін дамыту үшін аса маңызға ие ірі жобалардың басталуымен ерекшеленді. Жалпы алғанда, 2,2 трлн теңге сомасына 40 инвестициялық жоба қаралуда, оларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының елімізді одан әрі индустрияландыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталатын болады.

 

АӨК цифрландыру: дәлме-дәл егіншілік элементтерін қолдану

Облыстың агроөнеркәсіптік кешені дамудың оң қарқынын сақтап келеді. 2016 жылы жалпы өнім шығарылымы 319 млрд теңгені құрады, 2017 жылы ЖІӨ 362,2 млрд теңгені құрады, 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнім өндірісі 378,2 млрд теңгені, 2016 жылға қарағанда өсім 18,5% құрады.

Облыстың АӨК қарқынды дамуына мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізілді. 2018 жылы бюджеттен 26,1 млрд теңге субсидия бөлінді. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 12,8 млрд теңге бөлінді, бұл облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Облыс ауыл шаруашылығы саласына цифрландыруды енгізу бойынша «пилоттық» аймақ болып табылады. Сонымен, 2018 жылы 33 «жылдам жеңіс» іске асыруға жоспарланған, ауыл шаруашылығы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың Жол картасына енген жобалар толығымен орындалды.

Негізгі екпін өсімдік шаруашылығында нақты егіншілік элементтерін қолдануға жасалған: нақты егіншілікті енгізуден экономикалық тиімділік гектарына 3-тен 5 центнерге дейін астық шығымдылығын арттыруды қамтамасыз етті; жанар-жағар май, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру шығындары 15-тен 20%-ке дейін төмендеді.

Өткен жылы астықтың экспорттық әлеуеті 845 мың тоннаға (63%) артты. Облыста мал шаруашылығы тұрақты дамып, оның экспорттық әлеуеті артып келеді. Биыл барлық мал басының өсуі қамтамасыз етілді, оның ішінде ірі қара мал өсімі — 3,3%-ға (облыста барлығы 455,2 мың бас), жылқы саны — 7,8%-ға (барлығы 116,7 мың бас), ұсақ мал — 4,1%-ға (барлығы 454,4 мың бас) және құс саны 4,2%-ға (барлығы 4423 мың бас) өсті. Бұл мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен ет экспортының көлемін арттыруға мүмкіндік берді. 2018 жылы 1802 тонна ет экспортталды (113,8%), оның ішінде 1619 тонна — сиыр еті.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 2 мыңнан астам бас асыл тұқымды төлдейтін мал әкелінді.

 

Қолжетімді баспана: «Нұрлы жер» және «7–20–25» бағдарламаларын іске асыру

2018 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен облыста 300 мың м2 жуық тұрғын үй салынды, 13,1% өсім қамтамасыз етілді. Оның ішінде 111 мың шаршы метр баспана бюджеттік қаражат есебінен пайдалануға берілді және оның жартысынан көбі — коммерциялық және жеке құрылыс салушылар есебінен.

 

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз бес жалға берілетін үй пайдалануға берілді. «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ желісі бойынша сатып алу құқығы бар екі 99 пәтерлі жалға берілетін екі үйдің құрылысы аяқталды. Бұдан өзге, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы 20 несиелік үй пайдалануға берілді. Барлығы 2017–2018 жылдар аралығында бірыңғай сәулет стиліндегі 151 үй салынған.

Тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктеріне келсек, «7–20–25» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің қарауына 169 өтініш келіп түсті, шамамен 720 млн теңге сомасына олардың 103 мақұлданды.

Бұдан өзге, Елбасының жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарналарды ішінара субсидиялау туралы тапсырмасын орындау үшін 83,7 млн теңге бөлінді. 2018 жылдың соңына қарай 5,8 млн теңге сомасына 8 сертификат берілді.

ТКШ дамыту: сумен жабдықтау және газдандыру

Қоғамның әл-ауқатының маңызды факторы — елді мекендерді сумен жабдықтау. Осы мақсаттарға Өңірлерді дамытудың 2016 жылдан 2018 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша бюджеттен 13,1 млрд теңге бағытталды. Ауылдық және қалалық сумен жабдықтаудың 18 объектісі пайдалануға берілді, оның ішінде 18 ауыл мен үш қала үшін сумен жабдықтау жүйесі жақсартылды, 3 ауыл алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды. Соның ішінде, 2018 жылы бюджет қаражатының 8,7 млрд теңгесі игерілді, 11 ауылдық және қалалық сумен жабдықтау объектілері енгізілді, олардың ішінде 12 ауылға және бір қалада сумен жабдықтау жақсартылды, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне алғаш рет 3 ауыл қосылды.

Осы мақсаттар үшін Өңірлерді дамытудың 2016 жылдан 2018 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша бюджеттен 4,7 млрд теңге жолданды, бұл 8 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік берді. Соның ішінде 2018 жылы облыс әкімдігімен 4 жоба іске асырылды. Жалпы Қостанай облысының газдандырылған тұрғындарының саны 53,4%-тен 55,3%-ке дейін және облыстың 8 елді мекенің табиғи газбен қамтамасыз етілуін 10,5%-тен 12,6%-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді.

 

ШОБ өңір экономикасының қозғаушы күші ретінде

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іс-шаралары аясында 2016–2018 жылдар кезеңінде 80 мың адам, оның ішінде 2018 жылы 30,6 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Облыста 40,6 мың жұмыс орны құрылды, оның 27,4 мың жұмыс орны немесе 67,4% — тұрақты негізде, оның ішінде 2018 жылы 13 мың жұмыс орны құрылды, оның 9,5 мың жұмыс орны немесе 72,8% — тұрақты.  

2018 жылы «Еңбек» 2017–2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 7,6 млрд теңге бағытталды, бұл 2017 жылға қарағанда 38,2% артық.

Жұмыспен қамту саласындағы шараларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру облыстың еңбек нарығындағы жағдайға оң әсер етеді. 2018 жылдың үшінші тоқсанында 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ға төмендеді. Өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарының өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық арасындағы үлесі 1,7 пайыздық тармаққа азайды.

2019 жылы 20 мыңнан артық адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған, 3 мыңнан астам адам кәсіптік оқытудан өтіп, 3 мың адам қоғамдық жұмыстарға қатысады. 10 мың жұмыс орнын құру көзделген.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты облыста азаматтардың мәртебелерін өзектендіру, бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін заңдастыру, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды өнімді жұмыспен қамтуға тарту жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 2017–2018 жылдары 283 мың адамның мәртебесі өзектендірілді. 2018 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халық қатарындағы 6,6 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Өңірде қабылданған шаралар шағын және орта бизнесті дамытуға және жұмыспен қамтылған халық санының артуына тікелей ықпал етеді. Негізгі көрсеткіштер динамикасы осыны дәлелдейді. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 51 мыңнан астам бірлікті құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ке артық. 2018 жылғы 9 айда ШОБ субъектілері шығарған өнім көлемі 17,4%-ға, ШОБ-де жұмыспен қамтылғандардың саны 7%-ға өсті.

Облыста бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары белсенді іске асырылуда, 2018 жылы оладың аясында 26,4 млрд теңгеге 1 мыңнан астам бизнес-жобаға қолдау көрсетілді. Бұдан өзге, облыста шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендірудің 2 өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның аясында 2,4 млрд теңгені құрайтын 249 жобаға қолдау көрсетілді. 2018 жылы Азия даму банкінің $225 мың көлеміндегі тартылған гранты аясында «Big Data» қағидаты бойынша облыстың ШОБ деректер базасы құрылды. Бұл жұмыс басқарушылық шешімдер қабылдау сапасы мен тиімділігін арттыруға және бизнеске мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста экономиканың түрлі салаларында – білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, мәдениет және спорт салаларында жалпы құны 27 млрд теңге болатын 68 МЖӘ жобалары бойынша жұмыс жүргізілуде. 17 млрд теңгеге 45 МЖӘ келісімшарттары жасалды.

 

Табыс деңгейін арттыру және халықты әлеуметтік қолдау

2018 жылы әлеуметтік көмек түрлі формада (тұрғын үй көмегі, жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша әлеуметтік көмек) 801,4 млн теңге сомасында көрсетілді. Соңғы үш жылда мұқтаж азаматтар санының елеулі төмендеуі байқалуда (30%). Көмек алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, өзін-өзі қамтуда ынталандыруды күшейту мақсатында 2018 жылы енгізілген атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделімен еңбекке қабілетті 1 483 көмек алушыны жұмыспен қамтудың түрлі нысандарына тарта отырып күнкөрісі төмен 14,2 мың адам қамтылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2018 жылдың 3 тоқсанының қорытындылары бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі облыс бойынша 2,1 пайыздық тармаққа төмендеген.

Мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік қолдауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру жылдан жылға ұлғаюда. 2019 жылы 4,8 млрд теңге көзделді. Жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі жандарға 7 мыңнан артық оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтері ұсынылады. Соңғы үш жылда арнаулы әлеуметтік қызметтермен 26225 адам қамтылды, оның 9346-ы — 2018 жылы.

 

Ауыру көрсеткіштерін төмендету және медициналық инфрақұрылымды дамыту

Қостанай облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда бірқатар көрсеткіште оң қарқын байқалады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы деңгейінің көрсеткіші 72,2 жасқа дейін өсті. Халықтың жалпы өлім-жітімі, туберкулезбен сырқаттану, қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім, туберкулезден болатын өлім-жітім төмендеді.

2018 жылы материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 2 158 млн теңге бөлінді, оның ішінде медициналық жабдықтарды сатып алуға — 1 908 млн теңге, санитарлық автокөлікті сатып алуға — 61 млн теңге, реанимобильдерді сатып алуға — 189 млн теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында 51 денсаулық сақтау ұйымына медициналық ақпараттық жүйе енгізілді. Жоспарланған 84 қағаз нысаны, жоспарға сәйкес, электронды форматқа ауыстырылды. Облыстың 867 069 тұрғынының ішінен бекітілген халық тіркелімі бойынша 82,1%-ы цифрландырылды.

2018 жылы кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 131 млн теңге, компьютерлік техникамен жарақтандыруға 366 млн теңге бөлінді. 511 денсаулық сақтау объектілерінің ішінен 477-і интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, бұл 93%-ды құрайды.

 

Білім беру жүйесін қаржыландыру 4,7 млрд теңгеге ұлғайтылды

Қажетті жағдайларды жасау үшін жыл сайын облыстық бюджеттің басым бөлігі білім беру саласына бағытталады. 2017 жылмен салыстырғанда шығындар 4,7 млрд теңгеге артты. 2018 жылы облыстық бюджет есебінен жалпы сомасы 831,3 млн теңгеге 8 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары іске асырылды.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуының 100% деңгейіне жеткізу мақсатында 2018 жылы жаңа 885 орын іске қосылды.

Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында 2017 жылдан бастап мектептердің құрылысы жүргізілуде, оларға республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді. Қостанай қаласындағы 2 мектептің құрылысы оқушы орындарының тапшылығы мәселесін толықтай шешеді. Сонымен бірге «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде Қостанай қаласының колледждері үшін 3 жатақхана сану жоспарланған.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында облыс мектептерінде техниканың 540 бірлігі жеткізілді. Бүгінгі таңда жалпы білім беретін 504 мектептің барлығы (100%) мультимедиялық жабдықпен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, облыстың барлық мектебі кең жолақты Интернетке қосылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 186 млн теңге мөлшеріндегі демеушілік қаражат есебінен облыстың әрбір өңірінің қосымша білім беру ұйымдарында цифрлық технологиялардың 23 кабинеті орнатылды.

 

Облыстың көрнекі жерлері бойынша 30 туристік бағыт

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста туристік әлеуетті арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергiлiктi туристiк компаниялар ұсынатын туризмнің әртүрлi бағыттарындағы қызметтердiң ауқымы кеңеюде. Облыстың көрікті жерлеріне 30 туристік бағыт әзірленді. 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облысқа келген туристер саны 9,9%-ға өсті, ал туристік нысандар көрсеткен қызмет көлемі 19,6%-ға өсті.

Сонымен бірге, туристік инфрақұрылымды дамытуда жаңа туристік объектілерді салу және бұрыннан келе жатқандарын реконструкциялауға инвестициялар тартылуда. Өткен жылы Алтынсарин ауданының курорттық аймағына апаратын жолды қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. 2018 жылы Қазақстанның туристификация картасының 50 үздігінің қатарына Қостанай облысынан екі бағыт: Алтынсарин ауданының курорттық аймағында емдеу-сауықтыру туризмін дамыту және аң аулау-трофей туризмі кірді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу