Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР БҒМ білім берудің онлайн-платформаларына бірыңғай талаптарды әзірлейді

Бейсенбі, 03 Қыркүйек 2020, 16:27:55

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг кезінде Мемлекет басшысының а.ж. 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру аясында білім беру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша министрлік үздіксіз білім беру тұжырымдамасын қалыптастыру, қашықтықтан оқыту платформасы және 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізетін болады. Бұл ретте, қолданыстағы жүйеден айырмашылығы, мемлекеттік тапсырысты енді білім бөлімдері немесе басқармалары бөлмейтін болады. Оның орнына балабақшаға жолдама алған балалардың ата-аналары мектепке дейінгі ұйымды өздері таңдайды. Ваучерлік тетік енгізілетін болады, бұл бәсекелестікті дамытуға және қызметтер сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқу процесін толыққанды іске асыру үшін ҚР БҒМ білім берудің онлайн-платформаларына бірыңғай талаптар әзірлейді. Сондай-ақ, ҚР ДСМ-мен бірге барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі оқыту форматына көшу тәртібі әзірленетін болады.

Мұғалімдердің жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25%-ға арттыру үшін Білім және ғылым министрлігі тиісті есептеулерді дайындады және 2023 жылға дейінгі қаржыландыру шеңберінде Қаржы министрлігіне енгізді.

Білім министрі атап өткендей, балалардың құқықтарын қорғау мәселесі Президенттің ерекше назарында. Біздің еліміздің хабарлама рәсіміне қатысты бала құқығы туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылуы өте маңызды қадам болады.

«Балаларды кибербуллингтен қорғау, қосымша білім беру ұйымдарын дамытумен бірге балалардың спорт секциялары мен үйірмелерін жаппай ашу әкімдіктер мен білім беру ұйымдары қызметінің сөзсіз басымдықтары болады. Оқушыларды бұқаралық спорт түрлерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыс жаңа және жүйелі негізде ұйымдастырылатын болады. Мектептерде спорт залдары салынып, ұлттық және бұқаралық спорт лигалары дамытылады», — деді А. Аймағамбетов.

Мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие жұмыстары басталды. Білім алушылардың экологиялық мәдениет, экологиялық білім және тәрбие деңгейін арттыру үшін үздіксіз білім берудің кешенді моделі енгізілетін болады. Бұдан басқа, ғылыми және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, елдің ғылыми-технологиялық дамуы бойынша жеке бағдарламалық құжат дайындалады. Қазір 500 ғалымның жетекші ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сонымен қатар, «Жас ғалым» жас ғалымдарға қосымша 1000 грант бөлінеді. Жер қойнауын пайдаланушылардың кірісінің 1%-ын ғылым мен технологияларды дамытуға аудару жөніндегі норманы тиімді іске асыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Журналистердің оқу материалының мазмұнының сапасыздығына қатысты сауалына жауап бере отырып, А. Аймағамбетов бүгінгі таңда  оқулықтарды дайындаудың бірнеше кезеңнен тұратын жаңа тұжырымдамасы әзірленгенін жеткізді. Бұл баспа ішілік, сыртқы, қоғамдық сараптама және апробация.

«Қолданыстағы жүйеде белгілі бір кемшіліктер болды, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз оқулықтарды басып шығаруға дайындау ережелерін толығымен қайта қарадық. Қазіргі уақытта ережелер өзгертілді, бұл мүлдем жаңа формат. Енді жаңа буын кітаптары жаңа талаптарға сай шығады, енді қателер болмайды», — деді министр.

Оның айтуынша, оқулықтарды жаппай тираждауға дейін кем дегенде бір жыл ішінде апробация жүргізілуі тиіс.

«Біз жаңа форманы енгіздік, егер баспаның олқылығы анықталса, оқулықтарды қайта басып шығаруды баспалар өз есебінен жүзеге асырады. Қазіргі уақытта біз авторларды дайындап жатырмыз, өйткені бұл тұтас бір ғылым, көп нәрсе оқу материалын құрастырып, дайындауға байланысты», — деді А. Аймағамбетов.   

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаны дайындау туралы айтты. 

«Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында біз патологиялық материал алдық, ағымдағы жылдың 15 мамырында біздің ғалымдар кандидаттық вакцинаны дайындап, ДДСҰ-ға жіберді, тізімге енгізді. Ал тамыз айының соңында ДДСҰ біздің вакцинаны клиникалық сынақтарға жіберді, кандидаттық вакциналар тізіміне енгізді, екі платформада кандидаттық вакциналар дайын, клиникаға дейінгі сынақтар сәтті өтті, тексеру барлық деректердің толық көбеюін көрсетті. Антиденелер бойынша біз не барын көріп отырмыз, ИФА бойынша өткір фазада анализ жүргіздік, IgM және IgG бойынша антиденелер шетелдік аналогтарынан кем түспейді. Бірақ антиденелік жауаптан басқа, біз гуморальді және антижасушалық иммунитеттің дамуын көріп отырмыз, бұл да өте маңызды», — деді А. Аймағамбетов.  

Оның айтуынша, қазақстандық ғалымдар отандық вакцинаның клиникалық сынақтарының бірінші кезеңіне кірісуде. Еріктілерді қабылдау жүргізілуде.
 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.