ҚР БҒМ кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алу қағидаларын әзірлейді

Қазақстанда білім беру нысандары бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етілген. Оларды белгіленген стандарттарға сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Асхат Аймағамбетов атап өткендей, қауіпсізддікті одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Министрліктің алдында жедел шешуді талап ететін міндеттер тұр:

  1. барлық бейнебақылау камерасын бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкестендіру;
  2. қала мектептерін арнайы күзетпен қамтамасыз ету;
  3. білім беру ұйымдарын "дабыл түймелерімен" 100% қамтамасыз ету;
  4. педагогтерге және оқушылырға төтенше жағдайлар мен террористік қауіп төнген жағдайда қабылданатын шаралар мен алгоритмдерді әзірлеу және енгізу;
  5. психологиялық қызметтердің рөлі мен жалпы тәрбие жұмысын күшейту.

Білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етуге келетін болсақ, қазіргі уақытта мектептер 100% бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген, олардың 55%-ы стандарттарға сәйкес келеді.

Екіншіден, білім беру ұйымдарында “дабыл түймелерін” орнату жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда олардың саны 648 (9,3%). Проблеманы шешу үшін жергілікті бюджеттен 980 млн теңге сомасында қаражат көзделген.

Мамандандырылған күзет қызметі қала мектептерінің 38% (680) енгізілген. Осы мақсаттарға жергілікті атқарушы органдардан 828 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ БҒМ басшысының мәліметінше, балалардың қауіпсіздігі мектеп пен үй арасында тегін тасымалдауды ұйымдастыру арқылы да қамтамасыз етіледі.

«Республикада 21 мыңнан астам оқушы тасымалдау ұйымдастыруды қажет етеді. Олар үшін 758 автокөлік жұмыс істейді. Соңғы үш жылда автобус паркі 203 бірлікке жаңартылды. Бүгінгі таңда автокөлік сатып алу қажеттілігі 515 бірлікті құрайды», — деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар 7652 педагог-психолог күн сайын қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетеді.

2019 жылдан бастап психолог-педагог мамандардың жалақысы көбейді. Ұлттық тестілеуден сәтті өткен жағдайда оларға базалық лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-ға дейін қосымша ақы төленеді.

«Оқушыларды психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру үшін педагог-психологтардың санын арттыру жоспарлануда. Министрлік үлгілік штаттар мен лауазымдар тізбесіне өзгерістер енгізіп жатыр. Осылайша, педагог-психологтардың жүктемесі білім алушылардың санына байланысты белгіленеді», — деді А.Аймағамбетов.

Сонымен қатар министрлік психологиялық қызметтерге бірыңғай талаптар мен кәмелетке толмағандар арасында буллингтің (кибербуллингтің) алдын алу қағидаларын әзірлеуде. Сондай-ақ мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматын енгізу жоспарланып отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұловтың мәліметінше, бүгінгі таңда мектеп автобустарына қажеттілік 515 автобусты құрайды, оның ішінде 20 орындық 347 автобус және 40 орындық 168 автобус.

Балаларды, оның ішінде тірек-қимыл функциялары бұзылған балаларды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жабдықталған көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар айқындалды:

  • төрт нүктелі қауіпсіздік белдігі бар балаларға арналған орындықтар;
  • балаларды салонда қалдырып кетпеудің алдын алу жүйесі;
  • апаттық жағдайда салонның артқы жағында бір рет басу арқылы ашып шығуы;
  • санитарлық-эпидемиологиялық қондырғымен;
  • жүйелер мен агрегаттар тораптарының қауіпсіздігін интеллектуалды автоматты тексеру және т.б.

Мектептерді автобустармен қамтамасыз ету үшін тек келесі отандық кәсіпорындар тартылады:

  • «QazTechna» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Yutong маркалы (Саран қ.) 287 бірлік көлемінде 20 орындық автобустар;
  • «DaewooBusKazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен ПАЗ маркалы (Семей қ.) 60 бірлік көлемінде 20 орындық автобустар;
  • «HyundaiTransAuto» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Golden Dragon (Алматы қ.) 168 бірлік көлемінде 40 орындық автобус.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы автобустарды лизингке сатып алу үшін биыл 22 млрд теңге көзделген. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың бюджетіне жүктемені төмендету үшін автобустарды лизингтік қаржыландыру шарттарына аванстық төлемді 15% пайыздан 0% пайызға дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізілді», — деді Б. Атамқұлов.

Осылайша, мектептерді автобустармен жабдықтау рәсімдерін аяқтау үшін:

  • Қаржы министрлігі республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттерінде 2022 жылдан бастап лизингтік төлемдерді өтеу үшін нысаналы трансферттер көздесін;
  • жергілікті атқарушы органдар биыл тамыз айында мектеп автобустарын сатып алуға конкурстар жариялауы қажет.

Отандық өндірушілер өңірлерге қажетті мөлшерде мектеп автобустарын уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге дайын. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, қазіргі таңда елімізде террористік тұрғыдан осал санатына жатқызылған 8,8 мыңнан астам білім беру нысаны бар. Олардың саны осы жылдың сәуір айында Үкіметтің тиісті қаулысының қабылдануымен 2,3 мыңға артты.

Қазандағы қайғылы оқиғаларды ескере отырып, өткен айда Қазақстанның оқу орындарында барлық жалпы білім беретін мектептерге жоспардан тыс тексеру жүргізілді, бірқатар кемшіліктер анықталды.

Мектептер 100% бейне-бақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бірақ оның жартысына жуығы стандартқа сәйкес келмейді.

Жұмыс істемейтін, тоққа қосылмаған және дұрыс орнатылмаған камералар бар. Осындай кемшіліктер Қарағанды облысында көп тіркелген. 505 мектептің 84%-ында тиісті бейнекамера орнатылмаған. Түркістан облысындағы 889 мектептің 69,7%-ында бейнекамералар техникалық параметрге сай емес.

«Мектепке кіретін және шығатын есікте, әр қабатта, аулада камералар тұруы керек. Одан бөлек Жедел басқару орталығына камералардың біразы қосылмаған. Еліміз бойынша тек 1085 мектеп қосылған. Бұндай проблемалар Шымкент, Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында бар», — деді ҚР ІІМ басшысы.

Оның айтуынша, жергілікті жерлерде мектептерді шұғыл дыбыстық және сигналдық хабарлау жүйелерімен жабдықтау мәселелері де толық шешілмеген. Олар әр үшінші мектепте ғана бар. Мұндай жүйелер қауіпті немесе дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде, балаларды эвакуациялау немесе ішкі бөлмелерге бөгде адамдардың кіруіне тосқауыл қою үшін дереу дабыл беру қажет болған кезде керек. Алматы, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарындағы мектептер сигнал беру жүйелерімен жабдықталмаған.

«Барлық жерде "дабыл түймелерін" енгізу қажет. Олар белгілі бір жерде болуы керек. Бұл кез келген қауіп-қатер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде күзет ұйымдарының орталықтандырылған бақылау пульттеріне жедел дабыл сигналын беруге мүмкіндік береді. Алайда, мұндай “дабыл түймелері” мектептердің 9,3%-ында ғана бар және мен атаған барлық жердің бәрінде емес», — деп қосты ол.

Мектептерді турникеттермен және қолжетімділікті бақылау және басқару жүйелерімен жарақтандыруда проблемалар бар. Олармен мектептердің тек 4% және 5% ғана жабдықталған. Мұндай жүйелер негізгі кіріс топтарына орнатылуы керек. Олар мектеп ғимараттарына арнайы электронды карталар арқылы кіруге, сондай-ақ баланың мектепке кіруі және шығуы туралы ата-аналарды СМС арқылы хабардар етуге мүмкіндік береді. Қазір мұндай жүйелер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының бірқатар мектептерінде жұмыс істеп тұр.

Жергілікті жерлердегі мектептерді күзету үшін жеке лицензияланған күзет ұйымдары тартылады. Бүгінде олар ел бойынша мектептердің 9%-ын күзетеді. Қалалық білім беру ұйымдары үшін бұл көрсеткіш 38% құрайды. Білікті күзетпен қамтамасыз етілген мектептердің басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында.

Мектептерде жоғары білікті күзет пен сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін наурыз айында жеке күзет ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтіледі. Оларда радиобайланыстың, жедел ден қоюдың кемінде екі мобильді тобының, сондай-ақ қызметтік атыс қаруының болуы бойынша міндет енгізілді.

Бұдан өзге Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттардың тізбесі бекітілді. Ішкі істер министрі бұл атыс және суық қару, жарылғыш құрылғылар және олардың имитаторлары, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті басқа да заттар екенін еске салды.

«Қазандағы оқиғаларды талдау көрсеткендей, егер мұғалімдер мен балалар дағдарыс жағдайында әрекет ету алгоритмін білмесе, онда құрбандар көп болар еді. Атап айтқанда, дабыл іске қосылғаннан кейін бірден ішкі бөлмелердің есіктерін құлыптау, сондай-ақ балалардың қабырға периметрі бойынша орналасуы және олардың толық тыныштықты сақтауы ауыр зардаптардың алдын алуға көмектесті. Бұл тәжірибені балаларымыз бен қызметкерлерімізді ТЖ туындаған кездегі іс-қимыл тактикасына оқыту кезінде ескеру қажет», — деп атап өтті Е. Тұрғымбаев.

Осыған байланысты, мектептерде тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мыналар ұсынылады:

Бірінші. Терроризмге қарсы нұсқаулықты тез арада бекіту;

Екінші. Білім ұйымдарын тиісті қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету.

Үшінші. Мектептерді күзетуге тиісті лицензияланған жеке күзет құрылымдарын кеңінен тарту.

Төртінші. Қауіп-қатер мен дағдарыс жағдайында қызметкерлер мен оқушылардың іс-қимыл алгоритмін енгізуді жеделдету.

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің осындай жағдайлардағы іс-әрекеттерге тұрақты арнайы дайындығын ұйымдастыру.

Бесінші. Мектептерді қорғауды күшейтумен қатар, осыған ұқсас талаптарды әзірлеу және оларды балабақшаларда, колледждерде, ЖОО-ларда іске асыруды қамтамасыз ету.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов хабарлағандай, облыста 760 жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, онда 428 мың оқушы оқиды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептерде, балабақшалар мен колледждерде бейнебақылау камералары орнатылды. Алайда бұл камералар Жедел басқару орталығына шығарылмаған. Осыған байланысты, облыста стандартқа сәйкес мектептердегі қауіпсіздік жүйелерін жаңғырту бойынша жұмыстар қолға алынды.

«Биыл Талдықорған, Текелі және Қапшағай қалаларының 47 мектебінде Полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылған бейнебақылау жүйесі жаңартылады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 250 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ бұл мектептерде кіруді бақылау жүйесі бар 187 млн теңге сомасына 47 турникет орнатылады», — деді Алматы облысының әкімі.

Мектептерді күзетуді мамандандырылған күзет компаниялары жүзеге асыратын болады.

Сонымен қатар облыс мектептерін «дабыл түймелерімен» 100% қамту үшін биыл 106,4 млн теңге қарастырылған. 2022 жылдың соңына дейін облыстың қалған 713 мектебінде қауіпсіздік жүйесі жаңғыртылады. 743 жалпы білім беретін мектеп жылы дәретханалармен қамтамасыз етілген, қалған 17 дәретхана осы жылдың соңына дейін жөнделетін болады.

Оқушылар арасында оларды буллингтен қорғау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 30 млн теңге бөлінді.

Кәмелетке толмағандарға шұғыл эксперименттік-психологиялық кеңес беру үшін 21 жұмыс тобы құрылды. Тәулік бойы call-орталық, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған «жедел желі» жұмыс істейді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ақпаратына сәйкес, облыста 760 жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерде 428 мың оқушы білім алады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектеп, балабақша және колледж бейнебақылау камераларымен қамтылған. Алайда камералар жедел басқару орталығына қосылмаған. Осыған байланысты облыста мектептердегі қауіпсіздік жүйесін стандартқа сәйкес жаңғырту жұмыстары басталды.

«Биыл облыстық маңызы бар Талдықорған, Текелі және Қапшағай қалаларындағы 47 мектептің бейнебақылау жүйесі жаңартылып, полиция департаментінің Жедел басқару орталығына шығарылады. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 250 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ жоғарыда аталған мектептерде 187 млн теңгеге бақылау жүйесі бар турникеттер орнатылады», — деді Алматы облысының әкімі.

Сонымен қатар биыл облыс мектептерін 100% «дабыл түймелерімен» қамтамасыз ету үшін бюджеттен 106,4 млн теңге қарастырылған.

2022 жылдың соңына дейін облыстың қалған 713 мектебінде қауіпсіздік жүйелері жаңартылады. 743 жалпы білім беретін мектеп жылы дәретханалармен қамтамасыз етілген, қалған 17 дәретхана осы жылдың соңына дейін жөнделеді.

Оқушылардың арасында буллингтен қорғау жөнінде алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 30 млн теңге бөлінді.

Кәмелетке толмағандарға шұғыл эксперименттік-психологиялық кеңес беру үшін 21 жұмыс тобы құрылды.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған Сall-орталықтары, «Шұғыл бағыт» телефондары тәулік бойы жұмыс істейді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр және тұрақты бақылауға алынған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу