Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР экономикасында сенімді өсім байқалады — А. Мамин

Сәрсенбі, 11 Тамыз 2021, 10:10:51

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.

Экономиканың дамуы, ақша-несие саясаты, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жағдай туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, өнеркәсіп пен энергетика секторын дамыту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев және энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев баяндады.

Үкімет басшысы Қазақстан экономикасында төрт ай қатарынан сенімді өсім байқалатынын атап өтті. Жеті айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 2,7% құрады.

Экономиканың нақты секторы өсімнің негізгі драйвері болып қала береді. Серпін өнеркәсіптегі (+2,5%), құрылыстағы (+11,1%) өндірістің өсуімен, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсу қарқынымен (+2,4%) қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіптегі өсім 2,5%-ға өңдеу секторындағы өндірістің 5,9%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Өндіріс қарқынының артуына фармацевтика өндірісінің (+38,9%), машина жасаудың (+22,7%), оның ішінде автомобиль жасаудың (+34,7%) және локомотивтер мен вагондар өндірісінің (+37,7%), мұнай өңдеудің (+8%), жеңіл өнеркәсіптің (+5,4%), азық-түлік өнімдері өндірісінің (+3,9%) және химия өнеркәсібінің (+1,9%) өсуі ықпал етті.

Құрылыс секторында 11,1%-ға және тұрғын үйді пайдалануға беруде 10,3%-ға немесе 7,7 млн м² жоғары өсу қарқыны байқалады.

Сақталып отырған шектеу шараларына қарамастан, саудадағы (+9,1%) және байланыстағы (+12,5%) жоғары динамика есебінен көрсетілетін қызметтер секторында өсу қарқыны (+2%) артуда.

Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығындағы тұрақты өсу қарқыны (+3,4%) есебінен 2,4% деңгейінде тұрақты өсу қарқыны байқалады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі (НКСИ) тау-кен өндірісін есептемегенде 18,3%-ды құрады. НКСИ жоғары көрсеткіштері құрылыста (+129,6%), өңдеу өнеркәсібінде (+82,9%), ақпарат және байланыс саласында (+48%), ауыл шаруашылығында (+45,5%), саудада (+40%) байқалады.

Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы 6 көрсеткіш бойынша, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы 5 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Батыс Қазақстан облысы ең төменгі көрсеткіштерге ие.

Үкімет басшысы әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру шараларын күшейтуді және ерекше бақылауға алуды, Ұлттық экономика министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға биылғы тамыз айының соңына дейін инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру жөніндегі шаралардың жаңа топтамасын қабылдап, іске асыра бастауды тапсырды.

«Барлық өңір әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз етуі қажет», — деді А. Мамин.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2021, 09:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №130
25 Қыркүйек 2021, 13:01
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.