10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.
Е. Қарашөкеев «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу