Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді

Сейсенбі, 30 Маусым 2020, 17:49:46

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа банк акционерлерінің өкілетті өкілдері: Армениядан қаржы министрінің орынбасары Армен Айрапетян, Беларусьтен қаржы министрі Юрий Селиверстов, Қырғызстаннан қаржы министрі Бақтыгүл Жеенбаева, Ресейден қаржы министрі Антон Силуанов, Тәжікстаннан қаржы министрі Файзиддин Каххорзода қатысты.

Отырысты ашқан Асқар Мамин жақында ЕАДБ басқарма төрағасы қызметінен кеткен Андрей Бельяниновқа нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтып, жаңадан тағайындалған Банк басшысы Николай Подгузовқа табыс тіледі.

Отырыс барысында Кеңес ЕАДБ Цифрлық бастамалар қоры туралы ережені бекітті. Жаңа Қордың мақсаты — Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттары аясында іске асырылатын, оның ішінде жобаларды әзірлеуге және қаржыландыруға қатысу және ақпараттық ресурстарды интеграциялау арқылы цифрлық трансформация құралдары мен тәжірибелерін қалыптастыруға Банкке қатысушы елдерге көмек көрсету.

Халықаралық даму банктерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес ЕАДБ Кеңесі жанынан Кадрлар жөніндегі комитет құрылды, ол туралы ереже Кеңес отырысы аясында бекітілді.

Кеңес Еуразиялық даму банкінің 2019 жылғы жұмысын қорытындылады – ЕАДБ қазіргі инвестициялық портфелі $4,3 млрд дейін 25,6%-ға ұлғайды. Баланстық портфель 31%-ға $2,8 млрд дейін өсті. Портфелінде ең көп үлесі бар елдер — Ресей (45,7%) және Қазақстан (40,1%).

2019 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы инвестициялық портфельдің салалық құрылымы өзгерген жоқ – ең үлкен үлес энергетикадағы (21,1%), көліктегі (18,9%), қаржы секторындағы (18,7%) жобаларға тиесілі.

2019 жылы жалпы сомасы $1,3 млрд болатын 27 жаңа жоба бойынша келісімге қол қойылды. Банк барлық қатысушы мемлекеттерде өзінің қатысуын белсенді түрде дамытып, қолданыстағы стратегияны ескере отырып, ұлттық даму жобалары мен елеулі интеграциялық тиімділігі бар жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырды.

Банк портфеліндегі интеграциялық жобалардың үлесі мақсатты мәннен асып, 54,4%-ға жетті. Банктің қарыз алуының жиынтық көлемі $2,6 млрд құрады. 2019 жылы ЕАДБ жалпы сомасы 80 млрд теңгеге бес облигация шығарылымын, жалпы сомасы 23 млрд рубльге бес облигация шығарылымын орналастырды, сондай-ақ $201 млн еурооблигациялар шығарылымын екінші рет орналастырды.

Инвестициялық портфельдің айтарлықтай өсуін ескере отырып, ЕАДБ оның сапасын тиісті деңгейде сақтай алды. Баланстық портфельдегі провизиялар үлесі 2019 жылы 3,2%-дан 2,4%-ға дейін төмендеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша банктің кірісі $68,9 млн құрады. Капиталдың табыстылығы – 3,8%.

Қазақстанда инвестициялық қызметті дамыту үшін Қазақстанның Ұлттық банкімен ЕАДБ-ге 200 млрд теңге лимитімен қаржы тартуға мүмкіндік беретін келісімге қол қоюдың маңызы зор.

Халықаралық рейтингтік агенттіктер ЕАДБ қаржылық тұрақтылығына жоғары баға берді: Standard&Poor 's банктің рейтингін ВВВ дейін көтерді, Moody' s агенттігі Baa1 растады, ал Fitch агенттігі BBB+ рейтингін берді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.