ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ел азаматтарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Қымбатты отандастар, баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – біздің біртұтастығымыз бен баянды болашағымыздың символы.

Қазақстанда әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады, бірақ біз, қазақстандықтар – бір халықпыз. Көпұлтты қоғамдағы ұрпақтар бірлігі мен келісімінің арқасында Қазақстан барлық қиындықтарды еңсеріп, сындарлы тарихының түрлі кезеңдерінде табысты дамыды.

Біздің бүгінгі ортақ мүддеміз – ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау және нығайту. Осындай дәстүрлі құндылықтар халқымыздың өмір сүру сапасын арттыра отырып, еліміздің тұрақты және серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды алғышартына айналды.

Ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының кемел келешегі біздің ынтымағымызға, жасампаз еңбегімізге, күш-қуатымызға және ең күрделі жалпыұлттық міндеттерді шешудегі табандылығымызға байланысты.

Бірлік күні бізді Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер мен табыстарға бастай берсін! Барлық отандастарымызға, әрбір отбасына зор денсаулық, татулық пен бақ-береке тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин».

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу