05 Қараша 2020, 17:04
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қырғыз тарапының бастамасымен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі, Президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.
ЕАЭО және ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрестегі тәжірибе қаралды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу