Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин өңірлерге «ақылды қалалар» эталондық стандартын сапалы енгізуді тапсырды

Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020, 16:02:08

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі ҚР Президенті жанындағы комиссия отырысын өткізді. «Smart Bridge» жобасын жүзеге асыру, жергілікті атқарушы органдар мен жер қатынастарын цифрландыру барысы қаралды.

Барлық аталған бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, «ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері туралы Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов, жер қатынастарын цифрландыру туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Ә. Балташева баяндады.

Мемлекеттік және жеке секторлардың ақпараттық жүйелері үшін бірыңғай интеграцияланған платформа құру бойынша «Smart Bridge» жобасы осы жылдың қаңтар айында іске асырыла бастады.

Қазіргі уақытта 175 заңды тұлға (35 мемлекеттік орган, 12 екінші деңгейлі банк, 15 ұлттық компания, 113 жеке сектор өкілі) авторизацияланды, 336 сервис жарияланды, қосылуға 290 өтінім жіберілді.

«Smart Bridge»-де көзделген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің 166 интеграциясының 27-сі іске асырылды, биылғы шілде айына дейін 63-ін, осы жылдың соңына дейін 76-сын жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы автоматтандырылды, биылғы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 90%-ға дейін жеткізу көзделген.

Өңірлерде цифрландырудың біркелкілігін қамтамасыз ету үшін тіршілік әрекетінің 11 саласын қамтитын ҚР «ақылды» қалаларының эталондық стандарты жандандырылды. Жаңа тұжырымдама бойынша барлық қызметтер мен мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» порталының бір терезесіне көшірілуі тиіс.

Жер қоры және жылжымайтын мүлік нысандары туралы ұлттық деректер базасын құру аясында «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Онымен қоса, жер учаскелерін ұсыну рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдету бойынша заң жобасы әзірленуде, онда Жер кодексі, Азаматтық кодекс пен бірқатар заңдарға түзетулер енгізу қарастырылған. Цифрлық технологиялар негізіндегі жаңа тәсілдер жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстырып, олардың санын 15-тен 7-ге дейін қысқартуға, жер учаскелеріне құқық берудің нақты мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін азайтуға, мемлекеттік акті мен жер құрылысы жобасын, сондай-ақ жер комиссиясын алып тастауға мүмкіндік береді.

Премьер-Министр тұрғындар мен бизнес үшін барлық мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн форматқа көшіру мәселесін пысықтап, бұл жұмыстарды биыл үшінші тоқсанда аяқтауды, сондай-ақ орталық және жергілікті деңгейлерде кіріктіру жұмыстарын уақытылы әрі тиімді іске асыруды тапсырды.

«Азаматтың денсаулық паспорты, еңбек биржасы, қоғамдық көліктегі төлем жүйесі тәрізді қолданыстағы электронды платформалар мен есептеуіштермен қамтамасыз ету өңірлерде жаппай пайдаланылуы тиіс», — деп А. Мамин, өңірлердің әкімдіктеріне Нұр-Сұлтан және Ақкөл қалаларының тәжірибесінің негізінде эталонды стандартты сапалы енгізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. 

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы, цифрлық даму министрліктері мен әкімдіктерге үшінші тоқсанның соңына дейін жер заңнамасына қажетті түзетулер жобасын пысықтап, Үкіметтің қарауына енгізу туралы тапсырма берді. 

«Барлығы жұртшылықты тартумен орталық және жергілікті деңгейлерде жан-жақты пысықталуы тиіс», — деді А. Мамин.

Мемлекет басшысының электронды үкімет тұжырымдамасын қайта қарау және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын өзектілендіру туралы тапсырмасын орындау аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне екі апта мерзім ішінде Үкіметке мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен келісілген тәсілдерді енгізу туралы тапсырма жүктелді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.