Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту 

Дүйсенбі, 15 Маусым 2020, 19:17:43

2020 жылдың 5 айында Жамбыл облысының экономикасы тұрақты өсім көрсетті. Өңірде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», ИИДМБ, «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және басқа да даму бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр.

Экономиканың барлық дерлік сегментінде оң қарқын байқалады – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы 2,9%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6%-ға, құрылыс көлемі 8,7%-ға өсті.

Биыл Жамбыл облысында 550 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, 34 сумен жабдықтау нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша 23 жоба іске асырылуда, оның ішінде «Тараз қаласынан Қырғызстан шекарасына дейінгі оңтүстік айналма жолы» автожолын салу», «Тараз – Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ» облыстық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау», «Тараз – Жетібай – Тегістік – Ойық» автомобиль жолын реконструкциялау» жобалары бар.

2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жалпы сомасы 1051,6 млрд теңгеге 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 68,6 млрд теңгеге 114 жоба мақұлданды, оның ішінде 2,2 млрд теңгеге 89 жоба қаржыландырылды.

Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен шамамен 17 мың адам қамтылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 831 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында ауылда кооперациялық тізбекті дамыту жөніндегі «Алаңнан сөреге дейін»  жобасы  жүзеге асырылып жатыр. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын қысқартуға, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуды қамтамасыз етуге 50 сауда орны мен көтерме-тарату орталығы, сондай-ақ 21 өңдеу кәсіпорны, 45 шаруа қожалығы мен 10 кооператив қатысады.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылып жатыр, оның аясында 7,2 млрд теңге сомасына 2478 өтінім қаржыландырылды, облыстың 11 ауылдық округіндегі 7856 аула қамтылды.

Биыл Қордай ауданында әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы құны 20,5 млрд теңге болатын 387 жоба жүзеге асырылуда. 268 кентішілік көшелерді және аудандық маңызы бар 4 автожолды қоса алғанда, 350 км-ден астам жол жөнделеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың соңына дейін Қаракемер, Ауқатты, Бұлар батыр, Сортөбе, Масанчи, Қарасу, Өтеген – 7 ауылы газдандырылады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Қырғызстанмен шекарадағы «Қордай» шекара өткелін реконструкциялау жұмысы жолаушылар ағынын 4 есеге, ал автокөліктің мемлекеттік шекара арқылы өткізу қабілетін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау көзделген. Алдағы кезеңде Қырғызстанмен шекарадағы барлық 8 бекетті кезең-кезеңімен реконструкциялау жоспарланып отыр.

Биылғы 12-13 маусымда Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Тараз қаласында, Жамбыл және Байзақ аудандарында, сондай-ақ Қордай ауданының Масанчи, Қаракемер, Сортөбе және Қордай ауылдарында болып, өңірді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысымен танысты.
 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.