ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов ЕЭК Алқасының Төрағасы М. Мясниковичпен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын дайындау барысы, ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің алдағы отырысын өткізу мәселелері талқыланды.

Ә. Смайыловтың айтуынша, өзара тиімді шешімдер қабылдауға басымдық беру Ұйымның бағытына толық сәйкес келеді, мұны Ұйым жұмыс істеген кезеңде өзара сауданың едәуір өсуі нақты көрсетіп отыр.

Мәселен, ЕАЭО қызметі кезеңде Қазақстанның әріптестерімен өзара саудасы 37,5%-ға, оның ішінде экспорт 33%-ға өсті.

«Біздің алдымызда түрлі салалардағы кооперация бойынша, бірінші кезекте өнеркәсіптегі кәсіпорындарымен бірлесіп интеграциялық жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Өткен жылы Қазақстан ЕАЭО-ның жарғылық органдарында төрағалық етуші тарап болды. Мемлекет басшымыз Қ. Тоқаев өткен жылдың басында біздің ұйымға төрағалық етуіміздің басым бағыттарын белгіледі, Президенттің үндеуінде көрсетілген осы бағыттар бірлескен күш-жігеріміздің арқасында сол кезеңінде табысты іске асырылды деп сеніммен айтуға болады және биылғы жылы оларды жүзеге асыру жалғасуда», — Ә. Смайылов.

Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2021 жылы $26,1 млрд құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 28%-ға жоғары. Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорт 2021 жылы 34,9%-ға өсіп, $7,6 млрд жетті. ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорт 2021 жылы 25,4%-ға өсіп, $18,4 млрд болды.

Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы М. Мясникович қазақстандық тараптың үйлесімді жұмысын атап өтіп, ЕҮАК-нің қазіргі отырысының барлық мәселесі белгіленген тәртіпте қаралатынын атап өтті. Кооперацияны дамыту бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр.

Кездесуге Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, сауда және интеграция вице-министрі Ж. Кушукова, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары А. Кәрімов және ЕЭК Алқасы Төрағасы хатшылығының басшысы В. Зиновский қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу