ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

«Құрметті қазақстандықтар!

Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық пен бауырмалдыққа негізделген Рамазан айының мән-маңызы зор. 

Қасиетті айдың соңы Ораза айт мерекесімен жалғасып, әр мұсылман жақсылық жасауға, игі іс қылуға асығады. 

Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, қылған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын. 

Халқымыздың бірлігі нығайып, берекеміз арта берсін.

Әрбір отбасына амандық, бақ-береке тілеймін. 

Ораза айт құтты болсын!»

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                      Әлихан Смайылов
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу