30 Тамыз 2025, 08:30

Құрметті отандастар!
Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!
Ата Заң – мемлекеттік құрылымның берік тұғыры, халқымыздың айнымас құндылығы. Еліміздің бас құжаты өмірге келген отыз жыл бедерінде қоғам игілігі үшін қызмет етіп, халқымызбен бірге жасап келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың бастамасымен жүргізілген конституциялық реформалар Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға, саяси-экономикалық және әлеуметтік жетістіктердің жаңа белесіне бұлжымас бағдар бола білді. Ал, жаңарған Конституциямыз Заң мен Тәртіп үстемдігін арқау еткен Әділетті Қазақстанның қастерлі қағидатына айналды. Онда әрбір азаматтың, әр отбасының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға, ел басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейтуге айрықша маңыз берілді.
Біздің күш-жігеріміз осынау ортақ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, елдік мұрат жолында ұлтты ұйыстыруға бағытталатын болады.
Ата Заңымыздың мерейлі мерекесі құтты болсын.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық пен бейбіт өмір тілеймін!
#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-министріҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу