06 Тамыз 2017, 04:00
Биыл 4 тамызда Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді іске асыру барысымен танысты.
• Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.
• ҚР Премьер-Министрі Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Щучинск қаласындағы жаңа республикалық шаңғы спорты базасының құрылысына барып, Бурабай ауылының шипажайлық-курорттық нысандарының, көрікті жерлерінің және туристік инфрақұрылымының жағдайымен танысты.
• Одан кейін Бақытжан Сағынтаев Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда осы саладағы барынша перспективалы бағыттар мен жобалар талқыланды.
• Ақмола облысында ҚР Премьер-Министрі аймақтағы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесіп, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мәселелерін талқылады.
• Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталығын аралады және өңірдің тұрғындарын еңбекпен қамтуға жәрдемдесу шараларын қарады.
• ҚР Премьер-Министрі Көкшетауда Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен «Серпін» әлеуметтік жобасын іске асыру барысы жөнінде кеңес өткізді.
• Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев «Тыныс» АҚ ірі машина жасау кәсіпорнына барып, зауыттың ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында технологиялық жаңғырту жұмыстарын жүргізуге арналған әлеуетін бағалады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу