ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытайдың жаңа Елшісін қабылдады

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және инвестициялық салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы терең пікір алмасты.

Әңгіме барысында қытайлық компаниялардың Қазақстан аумағында ірі инвестициялық жобаларды іске асыруына, атап айтқанда, жаңа жоғары өңдеу өндірістерін ашуға ерекше назар аударылды.

#Роман Скляр #Инвестициялар #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу