26 Қараша 2024, 19:24
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді.
Кездесуде тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және өнеркәсіптік кооперация жобаларын іске асыру барысын қарастырды.
Бүгінгі таңда екіжақты бастамалардың жиынтық портфелі $52 млрд-тан асады және 168 жобаны қамтиды. Олардың 90%дан астамы қазіргі таңда сәтті іске асырылды, қалғаны іске асырылу сатысында.
Сондай-ақ кездесу барысында өнеркәсіпті дамыту және алдағы өзара тиімді ынтымақтастық саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.
#Роман Скляр #Сауда #Халықаралық ынтымақтастық #ӨнеркәсіпҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу