ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасының Өнеркәсіп, сауда және ресурстар министрі Ким Чжон Кванмен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чжон Кванмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе өнеркәсіп және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды.

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, еліміздің Корея Республикасымен өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде министр Ким Чжон Кван өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, инвестиция тартуға және атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

Қос тарапта сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корея бірлескен комиссияның маңызын атап өтті. Аталған комиссияның 11-ші отырысы 2026 жылғы 8 маусымда Астана қаласында өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды ж8зеге асыруға өзара дайындығын растады.

#Атом энергетикасы #Инвестициялар #Сауда #Сауда-экономикалық ынтымақтастық #Халықаралық ынтымақтастық #Өнеркәсіп

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу