Видеодайджест: «Цифрландыру мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес»

13 қыркүйекте Астанада Мемлекет басшысы цифрландыру мәселелері жөніндегі Республикалық кеңеске қатысты.

Кеңеске мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың жетекшілері, Парламент депутаттары, шетелдік ірі кәсіпорындар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті іс-шара алдында арнайы әзірленген көрмені аралап көрді, онда тоғыз басымдықты саланы цифрландыру бойынша мемлекеттік органдар мен отандық компаниялардың 30-дан астам ІТ-жобалары ұсынылды.

Кеңес барысында Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі әзірлеген «Цифрлық Қазақстан» инновациялық даму бағдарламасын таныстырды

Республикалық кеңестің алдында Премьер-Министр әлемдік АТ-компаниялардың басшыларымен кездесті.

Сарапшылар бизнесті, мемлекет пен қоғамды дамытудағы ақпараттық технологиялар мен цифрландырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жұртшылықты осындай бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» жобасын таныстыру аясында Бақытжан Сағынтаев Cisco компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Джонатан Спэрроумен және Co-Founder Hyperloop басшысы Шервин Пишевармен кездесу өткізді

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу