ҚР Президентінің Жолдауы: Қазақстанда ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдау тетігі әзірленіп жатыр

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына арнаған жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Тапсырмалардың орындалуы туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев баяндады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру үшін Министрлік бойынша келесі жұмыстар атқарылатын болады. 

Гранттық қаржыландыру жүйесін жеңілдету арқылы ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды қолдау тетігі әзірленуде. Бұл үшін Мәжіліске енгізілетін волонтерлік туралы заң жобасы шеңберінде тиісті түзетулер көзделетін болады.

1) Бұл ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды қамти отырып, гранттық қаржыландыру үдерістерін автоматтандыру. Оператор әртүрлі деректер базасымен интеграциялау есебінен қажетті құжаттарды дербес жинайтын болады.

2) Үкіметтік емес ұйымдардың конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі бойынша талап 2 есеге (9-дан 5 құжатқа дейін) қысқартылады;

3) Үкіметтік емес ұйымдардың оператор алдындағы есептілігі жеңілдетіледі; 

4) жергілікті бюджеттен ауылдық ҮЕҰ-ны қаржыландыруды ұлғайту тетіктері көзделетін болады.

«Бүгінгі күні заң жобасы жария талқылаудан, мемлекеттік органдармен және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісуден өтіп, Премьер-Министрдің Кеңсесінде қаралуда. Заң жобасының қабылдануы 2022 жылғы қыркүйекте күтілуде», — деді С. Егізбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізуді тапсырды.

Тұжырымдама мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарын, Президенттің әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымдарын қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ отбасының өмір сүру сапасын арттыру, ана мен баланы қорғау жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, өзектендірілетін болады.

«Президент Жолдауын ақпараттық жариялау мәселесі бойынша, жедел сараптамалық сүйемелдеу – Жолдаудан кейін бірден басталды. Қазірдің өзінде Жолдаудың негізгі бағыттарын ілгерілететін 150-ден астам спикер тартылды, Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіруде. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жанданатын болады, жекелеген медиаплан қабылданады», — деді С. Егізбаев. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу