Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Сәрсенбі, 03 Ақпан 2021, 19:02:48

Жиында Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қарулы күштерді қайта жарақтандыру мен қорғаныс өнеркәсібін дамыту жоспарлары қаралды. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиынды ашқан Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бүгінгі таңда басқа елдермен қатар Қазақстан да қауіпсіз ортаның сапалық өзгеру кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

«Біз біртұтас мемлекет және ұлт ретінде бетбұрыс кезеңіне келіп жеттік. Бұл өзгеріске коронавирус пандемиясы түрткі болды. Оның әсері алдағы онжылдыққа созылуы мүмкін. Қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздікке қатысты қалыптасқан сын-қатерлер трансформацияға ұшырап, ассиметриялық әрі гибридтік қатерлер туындап жатыр, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мен қазақстандық қоғамның қазіргі жағдайларға жауап бере алатын жаңа ұлттық қауіпсіздік архитектурасын жасау қажеттігін атап өтті.

«Экономикалық, технологиялық, әлеуметтік ахуал мен сыртқы жағдайлар қалай өзгерсе де, біздің ешқашан мызғымайтын ұлттық мүдделеріміз бар. Бұл – Қазақстанның егемендігі, аумақтық тұтастығы, бірлік, саяси тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқаты және әлеуметтік әділдік. Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы осы құндылықтарды қорғауға, биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Тәуелсіздігімізді нығайтуға негізделген», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылау барысында Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә.Исекешев жаңа Стратегияның негізгі бағыттарын таныстырды. Онда қамтылған шараларға тәуекелдерді басқарудың заманауи әдістері басшылыққа алынып, ұлттық қауіпсіздік теңгерімді әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамумен берік байланысқан.

Нұрсұлтан Назарбаев биологиялық қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен ұзақ уақытқа дейін түспейтініне назар аударды, себебі инфекциялық және басқа да аурулар жаһандық сын-қатерлерге айналды. Осыған орай Елбасы биологиялық қауіпсіздік пен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы басты қауіп-қатерлерге тойтарыс беру үшін тиімді шаралардың маңыздылығын атап көрсетті.

«Енді денсаулық сақтауға ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі компоненті ретінде қарау керек. Пандемия кезінде әлеуметтік-экономикалық тежелістер болады. Ол – бірінші кезекте, халықтың табысының азаюы, өңірлердің, салалардың, қалалар мен ауылдардың арасындағы теңсіздіктердің өсуі. Бұл бағытта мақсатты түрде жұмыс істеу керек. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға кешенді қолдау көрсету қажет», — деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қауіпсіздікті, киберқауіпсіздікті, ақпараттық қауіпсіздік пен адами капиталдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Нағыз қауіп – минералды-шикізат ресурстары бағасының құлдырауы емес, ұлттың интеллектуалдық әлеуетінің төмендеу қаупі. Бұл, бірінші кезекте, білім беруге қатысты. Біз осы сала бойынша дамыған елдерден әлі артта келеміз. Білім мен ілім таяу онжылдықта біздің ұлттық идеямыз болуы керек», — деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар Елбасы ұлттық қауіпсіздіктің дәстүрлі түрлері – сыртқы және әскери қауіпсіздікке тоқталды. Мұндағы негізгі сын-қатерлер сыртқы күштердің өзара текетіресіне, Орталық Азия мен оның төңірегінде тұрақсыз аймақтардың құрылу мүмкіндігіне, террористік, радикалды, қылмыстық және басқа да іріткі салушы күштердің өңірде шоғырлануына байланысты.

Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының тұжырымдық ұстанымдарын мақұлдады.

Сондай-ақ, талқылау барысында Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін лайықты қамтамасыз етуге тиіс Қарулы күштерді дамыту мәселелері қаралды.

Елбасы жаңа технологиялар енгізуді және қару-жарақ пен әскери техника өндірісіндегі технологиялық прогресті есепке ала отырып, қарулы күштерді жетілдіру қажеттігіне де тоқталды.

«Қарулы күштерді 2030 жылға дейін қайта жарақтандыру және қорғаныс өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы армияны жабдықтаудың ұзақ мерзімге арналған тәсілдерін айқындайды және жаңа технологиялық сын-қатерлерге сай келеді. Отандық қорғаныс өнеркәсібі – қорғаныс қабілетінің маңызды бөлігі, ол Қарулы күштердің сұранысына бағытталған», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен күштік құрылымдардың әскери дайындық деңгейін көтеруге, аумақтық қорғаныс күштерін нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.


Жаңалықтар тізбегі
08 Қаңтар 2022, 20:14
Қазақстандағы КВИ өсімі: ВАК отырысында пессимистік сценарий туралы айтылды
08 Қаңтар 2022, 16:51
Маңғыстау облысындағы әлеуметтік экономикалық жағдайды қарастыру бойынша үкіметтік комиссия Нұр-Сұлтан қаласында жұмысын жалғастырмақ
08 Қаңтар 2022, 11:57
Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
06 Қаңтар 2022, 14:28
Үкімет әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін жедел іс-шараларды қабылдады
05 Қаңтар 2022, 12:14
ҚР Премьер-Министрінің м. а. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
05 Қаңтар 2022, 11:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №949 Қаулысы
05 Қаңтар 2022, 11:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №943 Қаулысы
05 Қаңтар 2022, 11:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №936 Қаулысы
04 Қаңтар 2022, 18:32
Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті
04 Қаңтар 2022, 17:13
Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді
04 Қаңтар 2022, 15:31
Маңғыстауда үкіметтік комиссия мүшелері белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізіп жатыр
04 Қаңтар 2022, 14:02
Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады
03 Қаңтар 2022, 13:34
А. Мамин: Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты шаралар қабылдайды
02 Қаңтар 2022, 09:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №144
01 Қаңтар 2022, 00:42
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
31 Желтоқсан 2021, 12:08
Қазақстанда Отандық ядролық медицинаны дамытудың жол картасы әзірленеді
30 Желтоқсан 2021, 15:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №921 Қаулысы
30 Желтоқсан 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №903 Қаулысы
30 Желтоқсан 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №894 Қаулысы
30 Желтоқсан 2021, 11:24
Ә. Смайылов көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша кеңес өткізді
30 Желтоқсан 2021, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №867 Қаулысы
30 Желтоқсан 2021, 10:08
Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
29 Желтоқсан 2021, 11:45
Ержан Мыңжасаров ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды
28 Желтоқсан 2021, 15:38
Үкіметте Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысы өтті
28 Желтоқсан 2021, 15:07
Газдандырудың жеделдетілген қарқыны 13,5 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді — Энергетика министрлігі
28 Желтоқсан 2021, 13:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.12.2021
28 Желтоқсан 2021, 12:17
Қазақстанда 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда
28 Желтоқсан 2021, 12:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №924 Қаулысы
28 Желтоқсан 2021, 12:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №912 Қаулысы
28 Желтоқсан 2021, 10:57
Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары орындалды — М. Бекетаев
28 Желтоқсан 2021, 10:12
Қазақстанда «қызыл аймақта» тұрған өңір жоқ — Ж. Бүркітбаев
28 Желтоқсан 2021, 10:04
Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарын қарастырды
28 Желтоқсан 2021, 09:59
Қазақстанда 2021 жылдың 11 айында құрылыс материалдары өндірісі 9,2%-ға өсті
28 Желтоқсан 2021, 09:38
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 млн қазақстандықты ревакцинациялау қажет — А. Мамин 
27 Желтоқсан 2021, 16:44
Е. Тоғжанов Алматыдағы жаңа аутизм орталығына барды
27 Желтоқсан 2021, 14:57
Алматы қаласында Е. Тоғжанов ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығына барды
27 Желтоқсан 2021, 14:44
28 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Желтоқсан 2021, 12:31
Алматыда онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ядролық медицина орталығы ашылды        
27 Желтоқсан 2021, 11:53
Айдос Сәкенов ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды
26 Желтоқсан 2021, 10:12
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №143
25 Желтоқсан 2021, 10:58
Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,2%-ға төмендеді
24 Желтоқсан 2021, 10:47
Ә. Смайылов жолаушылар автомобиль тасымалы саласын субсидиялау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Желтоқсан 2021, 18:27
Көктемгі су тасқынына дайындық, өрт қауіпсіздігінің алдын алу және қысқы кезеңдегі құтқарушылардың жұмысы — ҚР ТЖМ
23 Желтоқсан 2021, 12:03
Жыл қорытындысы: А. Райымқұлова мәдениет және спорт министрлігінің жұмыстары туралы баяндады
22 Желтоқсан 2021, 18:29
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
22 Желтоқсан 2021, 17:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №882 Қаулысы
22 Желтоқсан 2021, 16:59
Ә. Смайылов криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
22 Желтоқсан 2021, 11:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.12.2021 
22 Желтоқсан 2021, 11:18
2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай саласында мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде — Энергетика министрлігі
22 Желтоқсан 2021, 10:20
Республикада КВИ таралуының оптимистік сценарийі орындалып жатыр — Ж. Бүркітбаев
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.