Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Жұма, 24 Сәуір 2020, 17:12:45

Бейнеконференция режимінде өткен кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы күрестегі стратегиялық мәселелер, сондай-ақ ел экономикасын қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму мәселелері қаралды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Елбасы жаһандық қауіп-қатерлер төңірегіндегі жағдай алаңдатарлық сценарий бойынша дамып жатқанын атап өтті.

«Коронавирустың салдары әлемдік экономиканың маңызды жүйелеріне әсер етуде. Халықаралық валюта қорының сарапшылары қазіргі «Жаһандық карантинді» өткен ғасырда болған Ұлы депрессиямен салыстыруда. Олардың пікірінше, жан басына шаққандағы табыс көлемі 170 елде төмендейді. Экономикасы әлсіз елдер көбірек зардап шегетін болады. Сарапшылар осы тоқсанда пандемия мен экономикалық дағдарыстың шарықтау шегі қатар келеді деген болжам жасап отыр. Өнеркәсіптік өндірістің құлдырауы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі ең төмен деңгейге жетуі мүмкін», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жақын арада әлемнің барлық мемлекеттері бұдан да ауыр сынақтарға тап болатынын және оның бәрі Қазақстанды да айналып өтпейтінін айтты.

«20 сәуірде мұнай бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге түсіп кетті. Әлемдік нарықтардың теңгерімі бұзылды. Пандемияның соңы және өндірістің жаппай құлдырауы жаһандық қаржы дағдарысына ұласады деген де болжам бар. Келесі кезең – әлемдік азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін. Бұл шиеленістер мен қақтығыстарға әкелуі ықтимал», - деді Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы күрделі кезеңді табысты еңсеруде қазірден бастап қолға алынған іс-шаралар маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы мен Премьер-Министр дағдарысқа қарсы қажетті барлық шешім қабылдады. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілді. Мен барлық азаматтарды төтенше жағдай кезінде тиісті талаптарды орындауға шақырамын. Тарихымызда мұндай ауыртпалықтар талай рет болған. Бірақ осы жолғы қиындықтың орны бөлек. Әрбір қазақстандық мемлекеттің қамқорлығын сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Сонымен қатар қазір біз алдын-ала қамдануымыз керек. Әлемнің бұрынғыдай болмасы анық», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы мемлекет пен қоғамда болатын өзгерістерге де тоқталды.

«Біріншіден, барлық ел өздерінің экономикалық стратегияларын қайта қарап жатыр. Мұнда өзін-өзі қамтамасыз ету, өзіне тиеслі ресурстарға үміт арту, өндіріс пен қаржылық тізбектің сенімділігі алғашқы орында болады. Екіншіден, жаңа салалық басым бағыттар қалыптасады. Тиімсіз секторлар мүлде жойылып кетеді. Экономикалық өсімнің көшін тың салалар бастайын деп тұр. Олар экономиканы ілгерілетіп, адамдарды жұмыспен қамтиды. Үшіншіден, барлық ауқымды дағдарыстар технологиялық және экономикалық әлемдік тәртіптің циклдік өзгеруімен байланысты. Қазір ескі модельдің күйрегенін көріп отырмыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурстар бар екенін атап өтті.

«Өткен жылдары біз шикізатқа тәуелділікті азайту үшін табанды жұмыс істедік. Сондықтан дамудың барлық негізгі бағыттары бойынша арнайы бағдарламалар әзірленді. Индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылды. Оларға үлкен ресурс бөлінді. Біз Ұлттық қорға қомақты қаражат жинадық. Енді дағдарыс кезінде оның елге пайдасы тиіп жатыр. Алайда қордағы қаржы шексіз емес, оны үнемді және ең қиын жағдайда ғана пайдалану керек», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы әлеуметтік-экономикалық дамуда ерекше әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

«Бірінші кезекте дағдарысқа қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруымыз керек. Көрсетіліп жатқан көмектің бизнес пен халыққа жетуі үшін бөлінген әр теңгені қадағалау қажет. Қазірдің өзінде экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму бағдарламасын іске асыруға кіріскен жөн. Экономиканың негізгі салаларының, болашақ экономикасының, қаржы және әлеуметтік саланың, қалалар мен ауылдардың даму бағыттарын анықтап алу маңызды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды.

«Қазақстанды тиімді корпорация ретінде қарастыратын сәт туды. Ол нақты жоспарға сәйкес стратегиялық әрі операциялық тұрғыдан бірыңғай орталықтан басқарылуға тиіс. Ауыл әкімінен бастап Үкімет мүшесіне дейінгі мемлекеттік қызметшінің бәрі өз жұмысын қайта пысықтап, нақты нәтижелерге қол жеткізуі қажет. Елге экономиканы қалпына келтіру, жұмыссыздықты азайту, халықты азық-түлікпен және қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі батыл шешім қабылдай алатын менеджерлер керек», - деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.

Қорытындылай келе, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы 2020 жылғы дағдарыстан кейінгі еліміздің даму жолын дер кезінде ойластыру бұл қиындықты жеңіп шығуға көмек беріп қана қоймай, бүкіл мемлекет үшін пайдасы тиетіндігін атап өтті.

«Біз бұл дағдарысты да жеңетінімізге сенімдімін. Әкімдер мен министрлер тікелей жауап береді. Үкімет барлық мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы іс-шаралардың тиімді орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі қажет. Мен барша қазақстандықтарды қабылданған шараларды қолдауға, бірлікке және тәртіпті сақтауға шақырамын. Мұның бәрі халықтың мүддесі үшін жасалып жатыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 


Жаңалықтар тізбегі
04 Наурыз 2021, 20:54
Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
04 Наурыз 2021, 19:56
Қазақстан мен Өзбекстанның вице-премьерлері COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды талқылады
04 Наурыз 2021, 18:27
ҚР-да 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін жергіліктендіреді — А. Мамин
04 Наурыз 2021, 14:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
04 Наурыз 2021, 11:19
Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
04 Наурыз 2021, 10:45
Мархабат Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
04 Наурыз 2021, 10:21
Қазақстан The Economist Intelligence Unit азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
03 Наурыз 2021, 20:38
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
03 Наурыз 2021, 19:12
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізді
03 Наурыз 2021, 19:05
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті
03 Наурыз 2021, 19:04
Мемлекет басшысы ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындады
03 Наурыз 2021, 15:12
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
03 Наурыз 2021, 13:20
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Наурыз 2021, 20:27
А. Мамин Қырғызстан Президенті С. Жапаровпен келіссөз жүргізді
02 Наурыз 2021, 19:17
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін бақылау, су тасқыны кезеңіне дайындық, төтенше жағдайларға ден қою — ҚР ТЖМ
02 Наурыз 2021, 18:15
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті
02 Наурыз 2021, 17:33
Дәурен Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:10
Мұрат Теміржанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:04
Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
02 Наурыз 2021, 14:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.03.2021
02 Наурыз 2021, 13:25
Инвестициялардың өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Ақмола облысының 2020 жылы дамуы
02 Наурыз 2021, 13:12
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді
02 Наурыз 2021, 12:48
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жақсарту үшін МСАК Астана декларациясының операциялық тетігі ілгерілетілуде — А. Цой
02 Наурыз 2021, 11:00
Қазақстанда бес жылда ауыл шаруашылығында өнім экспортын және ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есе ұлғайту жоспарланған  
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.