12 Наурыз 2019, 15:03

Ел экономикасының түрлі салаларындағы көрсеткіштердің өсу динамикасы туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді.
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, елдің ЖІӨ өсімінің динамикасы едәуір жылдамдады.
«Егер динамикасын қарасақ, қаңтарда өсім 3,2% құрады, ал қаңтар-ақпан айларында өсім 3,5% болды. Өздеріңіз көріп отырғандай, динамика жоғарлаған. Қаңтармен салыстырғанда, жылдам», — деді Р. Дәленов.
Сонымен қатар құрылыс, инвестициялар, көлік, қызмет көрсету тәрізді бағыттар өсімге шықты.
Бұған қоса, ұлттық экономика министрі бағаны реттеу туралы сұраққа тоқталды. Р. Дәленов атап өткендей, бұл мәселе бақылауға алынған, монополияға қарсы күрес комитеті бірқатар сұраныстар жолдаған.
«Мемлекеттік органдарға 30 сұраныс жіберілді, көтерме саудадағы саудагерлерге 134 сұраныс, өндірушілерге 20 сұраныс және бөлшек саудаға 32 сұраныс бағытталды. Біз сонымен қатар мониторинг жүргіземіз. Бағалар бұрынғы деңгейде қалып отыр, тіпті кейде төмендеуі байқалады. Баға көтерілген жоқ», — деді Р. Дәленов.
Ұлттық экономика министрі сонымен қатар ведомствоның өзара сыбайласқан жосықсыз кәсіпкерлердің жолын кесетінін айтты.
Жүйелі шараларға келсек, Р. Дәленов қазіргі кезде көтерме-бөлу орталықтарын ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді.
«Өнім жинау кезінде немесе күзде баға төмен болып тұрғанда – жеміс, көкөніс өнімдерін көп мөлшерде сатып алып, маусым аралығында оны ең төменгі маржа бағасында қамтамасыз ету қажет, ол баға оны сақтау мен тасымалдау шығындарын ақтауы тиіс. Бұл жүйені біз пысықтап жатырмыз, жақында оларды инвесторларға ұсынамыз және осындай орталықтардың құрылысы мен жұмысы мәселесін пысықтайтын боламыз», — деп нақтылады Р. Дәленов.
Сонымен қатар ұлттық экономика министрі адамдар кәсіпорындардың баға саясаты туралы білулері үшін, бағаға жария мониторинг жүргізуге біртіндеп көшу керектігін атап айтты.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов сонымен қатар қазақстандық өндірушілердің көкөніс өнімдеріне бағаны реттеуге қатысты мәселеде үрейленулері қажет еместігін баса айтты.
«Сөз маусымаралық кезеңде, нарықта отандық көкөністер жетіспегенде, импорттық көкөністердің әкелінетіні байқалады. Нақ осы импорттық құрауыш осы тапшылық көрінісінде көкөніс бағасының өсуіне жол ашады, сондықтан қазір біздің барлық күш-жігеріміз бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталатын болады, оның ішінде жоғарыда аталған орталықтарды ашу арқылы да, тұрақтандыру қорларын өнім жинау кезінде отандық көкөніс өнімдерінің қажетті көлемін жинақтап, маусымаралықта оларды жеткілікті төмен бағамен пайдалану үшін барынша тиімді пайдалануға бағытталатын болады», — деді Ә. Смайылов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу