ҚР Үкіметінде кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 млрд теңгеге монополиялық табыс тапқан. Компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Биыл қазан айында жеке меншік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100%-ын мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу