Мемлекет басшысы Қ. Ысқақовты Қызылорда облысының әкімі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығының мәтінінде.
Еске салайық, бұл қызметті Қ. Көшербаев атқарған болатын, ол Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал