Құрылтай Үкімет ұсынған Өзбекстан және Пәкістанмен кеден саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялау жөніндегі заң жобаларын екі оқылымда мақұлдады

Қазақстан Үкіметі Құрылтайдың қарауына Өзбекстан және Пәкістанмен кеден саласындағы ынтымақтастық туралы екі заң жобасын ұсынды. Депутаттар келісімдерді екі оқылымда ратификациялады.

Мақұлданған заң жобалары үкіметаралық келісімдерді ратификациялауды көздейді:

  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы», 2025 жылғы 15 қарашада Ташкент қаласында қол қойылған.
  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы», 2026 жылғы 4 ақпанда Исламабад қаласында қол қойылған.

Құжаттардың ережелерін депутаттарға қаржы министрі Мәди Такиев таныстырды. Екі құжат та кеден қызметтерінің өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға, жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге, құзырлы органдардың әрекеттерін үйлестіруге, сондай-ақ кеден саласындағы құқық бұзушылықтар мен қауіптердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі бірлескен шараларды келісуге бағытталған. Келісімдерді іске асыру Қазақстанның Өзбекстан және Пәкістанмен ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тәжірибе мен кедендік ақпарат алмасу, өзара әкімшілік көмек көрсету және техникалық қолдау бағыттарындағы өзара іс-қимыл күшейтіледі.

Келісімдерді іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды, бюджеттің кіріс бөлігіне кері әсерін тигізбейтіні және кеден заңнамасына өзгерістер енгізуді қажет етпейтіні атап өтілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу