Латвия тарапы Қазақстанға әкелінетін балық консервілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын - М.Балодис

Латвия тарапы қазақстандық нарыққа тасымалданатын балық консервілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа дайын, деп мәлімдеді Латвияның өндірістік-ветеринариялық қызметінің Бас директоры Марис Балодис ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінде Агенттік төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшинмен кездесу барысында. 

Латвияның өндірістік-ветеринариялық қызметінің бас директоры Марис Балодис қазақстандық тарапты балық консервілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа латвиялық тараптың дайын, өнімнің Латвия үшін визит картасы болып табылатынын айтып сендірді. 

ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінде Агенттік төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшиннің өндірістік-ветеринариялық қызмет және Латвия Республикасы елшілігі өкілдерімен республиканың аумағына Латвия Республикасында шығарылған балық консервілерінің жекелеген түрлерін (майбалықтарды) әкелуді және өткізуді шектеу бойынша уақытша санитариялық шаралар енгізу мәселесі бойынша кездесу болды. 

Бүгінгі күні бірқатар облыстар мен Астана қаласында сауда орындарында Латвия Республикасында шығарылған 10 000 астам балық консервісі саудадан алынды және қоймаға қайтарылды. 

Бұл ретте, Марис Балодис ресми диллерлердің таза болмау, сондай-ақ өнімнің жалған болу (контрафактілік өнім) мүмкіндігі туралы өз пікірін айтты. 

Кездесу барысында латвиялық тарапқа қауіпті өнімді шығару және Қазақстан Республикасына экспорттау себебін анықтау және жою, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарын бұзуға жол бермеу, бұзушылыққа алып келген барлық жағдайларды анықтау, бақылауды жолға қою, Қазақстанға балық консервілерін (майбалықтарды) әкелу және өткізу мәселесін шешу үшін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық референс-зертханасында бақылау сараптауды жүргізу үшін көрсетілген өндірушілердің өнімдерін беру ұсынылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу