Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мақтаарал ауданындағы су тасқыны: 31 606 тұрғын эвакуацияланды

Сейсенбі, 05 Мамыр 2020, 11:48:14

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев көршілес Өзбекстанда дамбаның бұзылып, соның салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басуына байланысты жағдайды баяндады.   

2020 жылы 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба су қоймасындағы дамбаның бір бөлігін су шайып кетуінің салдарынан және су қоймасында деңгейін төмендету үшін суды ағызу кесірінен Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы шекара маңы коллекторлары суға толып кеткен. Коллекторларға аққан су көлемі секундына 180 кубометрді құраған, ал коллекторлардың өткізгіштігі секундына 120 кубометрді құрайды. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында бірнеше ауыл су астында қалды. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. 

Бүгінгі таңда 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланды. Тұрғындарының саны 6 127 адам болатын 5 елді мекен — Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары толығымен су астында қалған. 7 елді мекеннің әлі де су астында қалу қаупі бар, ал екі елді мекенде — Мырзакент және Ақжолда су басу қаупі сейілгендіктен, тұрғындар өз үйлеріне оралды. 15 мың адам тұратын Мырзакент кентінде су басу қаупін болдырмау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілді. 

2 мамыр күні Мақтаарал ауданында шұғыл түрде техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, шұғыл штаб құрылды. Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 986 адам мен 190 техника тартылды. Сонымен қоса, Шымкент қаласынан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан 30 мотопомп, су жинайтын сорғылар алынды. Сонымен қатар, Ұлттық гвардияның әскери бөлімі 413 әскери қызметкер мен 37 техника жіберді. Қосымша Алматы қаласындағы Ұлттық гвардияның құтқару батальонынан 320 әскери қызметкер мен 26 техника жеткізілді. 

Атакент және Мақтаарал кенттерінің, Жамбыл ауылдық округінің мектептерінің базасында 14  эвакуациялық қабылдау пункті ұйымдастырылды, оларда бүгінгі таңда 3 200 адам орналастырылған. Қалған адамдар туысқандарын паналаған. Эвакуациялық қабылдау пункттері барлық қажетті жабдықтармен жарақталған. Карантинге байланысты жағдайды ескере отырып, 120 медицина қызметкері көмек көрсетуде. 

Төтенше жағдай салдарынан алдын ала есептеулер бойынша 845 тұрғын үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина ұйымы, 1 мәдениет үйі мен 10 дүкен су астында қалған. Сонымен қатар Жеңіс ауылындағы көпір мен республикалық және облыстық маңызы бар  54,7 км автожол су астында қалған. Бұдан басқа, 7 639 гектар егіс алқабы зардап шеккен. Сондай-ақ су басқан аумақтағы өліп қалған мал саны нақтыланды. Бүгінде келтірілген залалды есептеу жалғасып жатыр. 

Ауданда тәртіпті сақтау және су астында қалған елді мекендердегі мүлікті қорғау үшін 8 блокпост қойылған. Полиция департаментінің жеке құрамының 303 қызметкері мен 53 арнайы техника тартылған. 

Нұрлы жол, Өргебас, Ырысты, Жантақсай елді мекендерінде су басуды болдырмау мақсатында бөгеттер салынды, Фирдоуси елді мекенінің маңында Мырзакент бағытында коллектор орналастырылды. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында суды жылдам шығару үшін өзбек тарапы канал қазды. 

«Жалпы, біз өзбек мамандармен тығыз әрекеттесіп отырмыз. Өзбекстанда жағдай тұрақталды. Сондықтан олар өз техникасымен келіп, біздің коллекторларды тазартып беруге әзір», — деді Ө. Шөкеев.

Су астында қалған елді мекендерден су кеткен соң Арыс қаласындағы төтенше жағдай тәжірибесі бойынша әр аула араланып, әр отбасының шеккен зардабы бағаланады. Одан соң комиссия үйлердің қалай қалпына келтірілетінін шешеді. Сонымен қатар, әрбір зардап шеккен отбасыға өтемақы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда. Ө. Шөкеев егіс алқаптары су астында қалған шаруалардың шеккен залалын өтеу қажеттігін де атап айтты. 

«Біз эвакуацияланған тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Халық бұл жағдайда түсіністік пен сабырлық танытуда. Өзбекстанда да жағдай қиын. Онда 10 елді мекен су астында қалған, 70 мың адам эвакуацияланған. Біз осы қиын жағдайдан ортақ күш-жігерімізбен шығу туралы келісімге келдік», — деп түйіндеді Түркістан облысының әкімі.     

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды
23 Маусым 2020, 10:11
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
23 Маусым 2020, 10:08
Б. Атамқұлов жылыту маусымы туралы: денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.