Әділет министрлігін Марат Бекетаев басқарады

Елбасы «М. Б. Бекетаевты Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын», – делінген Жарлық мәтінінде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу