ТЖМ ЭКСПО-2017 көрмесіне 2 өрт сөндіру депосын салады

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ЭКСПО-2017 көрмесіне 2 өрт сөндіру депосын салады, деп хабарлады ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында. 

«Біз ЭКСПО өрістету бағдарламасына кірдік және көрме аумағын жүз пайыз қамтамасыз ететін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қалатын 2 өрт сөндіру депосын іске қосуды ұсындық. Үкімет біздің ұсынысымызды қолдады. ЭКСПО-2017 көрмесіне 2 депо саламыз деген үміттеміз», - деді  В.Божко.

Қазіргі уақытта Астанада, Алматыда, Жаңаөзенде, Таразда 4 депоның құрылысы басталды. Өрт сөндіру деполары үлгілік жобалар бойынша салынады, бұл ЖСҚ жасауға шығынның азаюын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу