Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді

Сәрсенбі, 21 Қазан 2020, 19:12:42

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Ақорда» резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жиында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің мүшелері: ҚР Президентінің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес Төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, Премьер-Министр Асқар Мамин, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Келімбетов, сондай-ақ, шетелдік беделді сарапшылар – Андрес Веласко, лорд Френсис Мод және лорд Филлип Хаммонд баяндама жасады.

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде ел азаматтарының тың тәсілдер мен тиімді шешімдер күтетінін, мұндай сәтте Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Президенттің айтуынша, Кеңес ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға байланысты аса күрделі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын болады. 

Президент өз сөзінде Кеңес қызметі басқа консультативтік-кеңестік органдардан түбегейлі ерекшеленуі тиіс екенін, қоғамдағы өзекті мәселелерді немесе түйінді түйткілдерді жасырмай ашық айту қажет екенін атап өтті.

«Деректерді тізіп, қалыптасқан жағдайды сипаттаумен шектелуге болмайды. Бастысы – уақытылы шешім қабылдау. Кеңес іс жүзінде жүзеге аспайтын, алдын ала әзірленген ұсыныстарды құптап қана отырмауы тиіс. Кеңес мекемеаралық ұзақ дауларға нүкте қоюы керек. Ұлттық экономиканы басқаруда, қоғамдық дамуда, институционалдық реформалар жүргізуде жаңа бағыттар ұсынуға міндетті. Әрине, қазіргі жұмыстарды да бақылауы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Кеңестің келесі отырысында мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі жаңа тәсілдерді қарастыруды және осы мәселе бойынша шешім қабылдауды ұсынды.

«Біз әрбір салада мемлекеттің мақсаттары мен даму кезеңдерін айқындайтын бағдарламалық құжаттардың икемді архитектурасын құруымыз керек. Жүйе бюджетті жоспарлаумен байланыстырылады және мемлекеттік органдар басшыларының жүктелген міндеттің орындалуына тікелей жауапты екенін бекітеді. Жоғары кеңестің шешімдерінің орындалуын, ұлттық жобалардың жүзеге асырылуын, реформаларды жобалық басқару қағидаттарының енгізілуін қамтамасыз ету маңызды. Қазіргі кезеңде бұл – Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің негізгі міндеті», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев орта мерзімді перспективадағы іс-қимылдарға негіз болуға тиісті Ел дамуының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына назар аударды. Аталған құжатта дамудың жаңа күн тәртібі жасалады.

Мемлекет басшысы Үкіметтің Стратегиялық жоспардың алғашқы нұсқасын әзірлегенін, енді оны Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікпен бірлесіп, соңына дейін жеткізу және Жоғары кеңес мүшелерімен талқылау, сондай-ақ, соңғы нұсқасын келесі жиында Премьер-Министрге ұсыну қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев берілетін бастапқы мәліметтердің сапасында, әсіресе, ведомстволық статистикада түйткілді мәселелер барын айтты. Статистика  комитетін Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке беру бұл проблеманы шешуге септігін тигізуі тиіс.

«Фактологиялық мәліметтердің шынайылығын және олардың сапалы түсіндірілуін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды әзірлеу керек. Экономикалық, демографиялық және басқа да үдерістерді дұрыс модельдеу, әзірленген шешімдерді қабылдау үшін дұрыс болжам жасау мақсатында үлкен деректерді өңдеудің тетіктерін пайдалану қажет», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, аталған мәселені мұқият пысықтауға және ахуалды жақсарту үшін нақты ұсыныстар енгізуге тапсырма берді.

Кездесуде Қазақстан Президенті «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жайында да айтты. Ол жұмыс барысында үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген азаматтардың бейтарап пікірлерін ескеру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Кеңес шеңберінде реформалаудың әрбір маңызды бағыты бойынша алты жұмыс тобын құруды ұсынды. Жұмыс топтарының құрамына Кеңес мүшелерінен бөлек, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, халықаралық және отандық тәуелсіз сарапшылардың кіру мүмкіндігі бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші топ ретінде Сума Чакрабартидің басшылығымен тиімді макроэкономикалық саясат тобын құруды ұсынды. Бұл топ ақша-несие және бюджет саясатының тиімділігі, салық жүйесі, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты міндеттерді іске асыруды көздеуі керек.

Екінші топ, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың жетекшілігімен сот және құқық қорғау жүйесін реформалаумен айналысуы қажет. Президент аталған бағытта ауқымды жұмыс атқару керек деп санайды. Сондықтан көзбояушылыққа жол берілмеуі тиіс.

Мемлекет басшысы әлеуметтік саланы қайта жаңғыртуға арнайы топ жұмылдырылатынын айтты. Ол өзінің тікелей тапсырмасымен Қазақстан үшін мүлде жаңа құжат, атап айтқанда, Әлеуметтік кодекстің әзірленіп жатқанына тоқталды.

«Шын мәнінде, бұл құжат жекелеген адам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жүйелеуге, олардың өзара міндеттемелерін айқындауға, сондай-ақ, қазақстандықтарға берілетін төменгі әлеуметтік кепілдіктерді нақтылауға арналған. Яғни, құжатта азаматтардың балабақшаға барғаннан зейнетке шыққанға дейінгі өмірі толық қамтылған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру бойынша да топ құрылады. Мемлекет басшысы еліміз үшін бұдан басқа жол жоқ екеніне сенімді. Дегенмен, оның пікірінше, нақты жұмыс істейтін тетіктер әлі де жеткіліксіз.

«Әзірге шикізат өндіру, алып-сатумен айналысу және мемлекеттік тапсырысқа «иек артып отыру» әлдеқайда тиімді», – деді Мемлекет басшысы.

Жоғарыда аталған екі топтың жұмысы Премьер-Министрдің басшылығымен ұйымдастырылады.

Бесінші топтағы Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнесті реттеу мәселелерімен айналысады.

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов басқаратын алтыншы топ заманауи мемлекеттік басқару және тиімді мемлекеттік қызмет мәселелерін бақылауға алатын болады.

«Біздің алдымызда мемлекеттік аппаратты жаңа сапалы деңгейге көтеру мәселесі тұр. Ол нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін өзіне жауапкершілік алатын, қандай да бір шешім қабылдағанда мейлінше икемді әрі құзыретті болуы керек. Бұл жерде көп нәрсе заманауи цифрлық технологияларды енгізуге байланысты. Аталған мәселеде ешқандай кедергі болмауы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қазақстан Президенті ұзақ ойлануға уақыт жоқ екенін, жұмыс топтарының алдында мемлекеттік маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Келесі жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл айтулы датаны мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің 30-жылына қуатты, өнімді еңбекпен жеткен абзал. Бұл жерде, ең алдымен, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар жөнінде сөз болып отыр», – деді Мемлекет басшысы.


Жаңалықтар тізбегі
03 Наурыз 2021, 20:38
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
03 Наурыз 2021, 19:12
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізді
03 Наурыз 2021, 19:05
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті
03 Наурыз 2021, 19:04
Мемлекет басшысы ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындады
03 Наурыз 2021, 15:12
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
03 Наурыз 2021, 13:20
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Наурыз 2021, 20:27
А. Мамин Қырғызстан Президенті С. Жапаровпен келіссөз жүргізді
02 Наурыз 2021, 19:17
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін бақылау, су тасқыны кезеңіне дайындық, төтенше жағдайларға ден қою — ҚР ТЖМ
02 Наурыз 2021, 18:15
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті
02 Наурыз 2021, 17:33
Дәурен Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:10
Мұрат Теміржанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:04
Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
02 Наурыз 2021, 14:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.03.2021
02 Наурыз 2021, 13:25
Инвестициялардың өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Ақмола облысының 2020 жылы дамуы
02 Наурыз 2021, 13:12
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді
02 Наурыз 2021, 12:48
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жақсарту үшін МСАК Астана декларациясының операциялық тетігі ілгерілетілуде — А. Цой
02 Наурыз 2021, 11:00
Қазақстанда бес жылда ауыл шаруашылығында өнім экспортын және ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есе ұлғайту жоспарланған  
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.