Отандық өндірушілермен меморандумдар шамамен 70%-ға орындалды - NADLoC
Қазақстан өңірлеріндегі өндіруші компаниялармен 2015 жылдың басында отандық өнімдерді жеткізуге жасақан меморандумдары 68,9%-ға орындалды, деп хабарлайды «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігінде.
«Үкімет мүшелерінің ағымдағы жылдың 30 қаңтарынан бастап 6 ақпанға дейін өңірлерді аралау шеңберінде және Мемлекет Басшысының 2015 жылғы 11 ақпанда іске қосқан «Қазақстанда жасалған» акциясын орындау мақсатында республика бойынша 1,4 трлн теңге сомасына 927 меморандумға қол қойылды. Жалпы орындалу - 68,9 % құрайды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, агенттікте мәлімдегендей, отандық тауар өндірушілермен жасалған меморандумдарды орындаудың, қосымша меморандумдар, шарттар жасасудың проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ өңірдің ірі кәсіпорындарын аралау мақсатында отандық кәсіпорындардың, ұлттық компаниялардың және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен өңірлерге көшпелі мәжілістердің «екінші толқынын» өткізуге бастама жасалды.
«Барлық облыстарда өңірлік мәжілістер өткізілді, оның барысында 19,7 млрд. теңге сомасына 62 меморандумға қол қойылды», - деп атап өтті «NADLoC» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенев.
Агенттіктің мәліметінше, Маңғыстау облысы – 1,4 млрд теңгеге 12 меморандум, Батыс-Қазақстан облысы – 2,9 млрд теңге сомасына 19 меморандум, Қарағанды облысы - 7,5 млрд теңгеге 7 меморандум, Ақтөбе облысы - 1,2 млрд теңге сомасына 1 меморандум, Қызылорда облысы - 1,4 млрд теңге сомасына 10 меморандум, Оңтүстік-Қазақстан облысы - 5,3 млрд теңге сомасына 13 меморандум жасалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз