Жүк вагондарының ірі операторының қызметтеріне тарифтер өзгеруде - ҚТЖ

Еліміздегі ең ірі жүк вагондарының операторы «Қазтеміртранс» АҚ тариф жасақтаудың жаңа әдістемесіне көшудің жаңа механизмін өндіріске енгізуде, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ.

Бұл өзгерістер «Қазтеміртранс» АҚ тарифтік қызметіндегі Ережесіне енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтыруларға байланысты болып отыр. Оның ішінде жүк ағындары балансын сақтауда бос вагондардың жүруін реттеудің логистикалық шараларын жасаудың соңғы нәтижесінде жүк жөнелтушілердің шығынының барынша азаюына әкеледі.

«Компания тапсырыс иелеріне барынша бәсекелестікке сай тарифтік жеңілдіктер жасақтауға мүмкіндік алды. Оның ішінде логистикалық тәжірибелерді қолдана отырып және тасымалдаудың сапалық көрсеткішін жақсарту арқылы бос вагондар жүрісін азайтып, вагондардың өндірістік емес тоқтауын қысқартты», - деп атап өтті «Қазтеміртранс» АҚ президенті Қайрат Сәуірбаев.  

Бұл үдерісті автоматтандыру арқылы есептеу мерзімін қысқартып, тапсырыс иелеріне тариф туралы ақпараттарды алу мерзімі бұрын 2-ден 4 тәулікке дейін ұзап кететін болса, қазір 2-5 сағат ішінде алуға болады.

Бүгінгі таңда «Қазтеміртранс» АҚ вагон мүкәммәл мүлік паркінде 60 мыңға жуық вагон бар. Оның ішінде жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, цистерналар, астық тасымалдау вагондары, цемент вагондары, фитингілік вагондар бар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу