КО шарттарында контрафактілік өніммен күрес бойынша шаралар және ҚР-ның ДСҰ-на енуі Үкімет отырысында талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің кезекті отырысын өткізді.
Тұрмыстық бұйымдар мен косметикалық заттарға зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері туралы Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин баяндады.
«Кедендік одақ шарттарында және Қазақстанның ДСҰ-на енуі алдында контрафактілік өнімді өндіру және оны таратуға қарсы әрекет ету мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің біріне айналды. Мұндай өнім тұтынушылардың денсаулығына, елдің абыройына, мемлекет экономикасына зиян келтіріп, сондай-ақ инвестициялық ахуалды бұзады», - деді Ж.Бекшин.
Оның айтуынша, ТҚҚА өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын зерттеу үшін зертханаларды нақтылығы жоғары заманауи құрал-жабдықпен жабдықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
«Санэпидсараптама мәліметінше, соңғы үш жылда қауіпсіздік көрсетікшітерінің талаптарына сәйкес келмейтін тұрмыстық және парфюмериялық-косметикалық өнімнің 27 үлгісі анықталған. Бұрмаланған өнімдерде тұтынушылардың денсаулығына және компаниялардың абыройына нұқсан келтіруге қабілетті канцерогендік және аллергендік заттар болуы мүмкін», - деп басып айтты ол.
Жалған дәрілік препараттар айналымын болдырмау мәселесі бойынша денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
«Соңғы 10 жылда Қазақстанда дәрілік құралдарды тұтыну төрт есеге артты. Бұл осы мәселемен тығыз айналысуды міндеттейді. Сондықтан, медициналық өнім айналымының әдістері мен принциптері еуропалық қауымдастықтың стандарттарына барынша жақындатылған», - деп басып айтты С.Қайырбекова.
Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко азаматтық қорғаныс жағдайы мен оны жетілдіру жолдары туралы баяндады.
Ол атап өткендей, соңғы бірнеше жылда азаматтық қорғаныс полктерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету күшейтіліп, жеке қорғаныс құралдарын алмастыру жүзеге асырылуда. Барлығы 1,5 млрд. теңге сомаға газтұтқыш жаңартылған.
«Үкімет оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында жер сілкінуге қарсы әрекет ету жоспарын жасап, бекітті. Заңсыз эмиграцияны ескерту мақсатында үш оқулар жүргізіліп, босқындар лагерьлерін орналастыру және күшейту орындары өңделді. Мемлекеттік материалдық резервте 100 мыңнан астам адамға шатырлар мен тіршілікті қамтамасыз ету құралдарының қоры жасалған», - деп басып айтты В.Божко.
Бұдан өзге, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов ҰКП 1-ші съездінде қабылданған шешімдерді жүзеге асыру бойынша шаралар туралы мәлімдеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз