Рұқсаттар мен хабарламалардың бизнестің дамуына әсерін талдау әдістемесін ӨДМ жасап жатыр

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасын және сәйкес түзетулерді әзірлеу кезінде кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастықтардан келіп түскен барлық талап-тілектер мен ұсыныстар ескерілді, деп хабарлады бүгін ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ҚР Парламенті Мәжілісінде заң жобасын таныстыру кезінде.

«Реттеу жүйесіне сыни көзбен қарадық. Сонымен бірге, біз рұқсат жүйесіндегі мәселелерді нұсқаған кәсіпкерлердің, бизнес қауымдастық өкілдерінің пікірлеріне сүйендік. Енді барлық кемшіліктерді жою қажет», - деді Б.Жәмішев.

Заң жобасының негізді жаңалығы - мемлекеттік органдарды нақты сферада реттеуші саясатты қалыптастыратынға және оны жүзеге асыратынға бөлу. Сонымен бірге, қалыптастырушы мемлекеттік органдар Үкімет бекіткен ережелерге сәйкес рұқсаттардың бизнес іс-қимылына реттеуші әсерін талдау жүргізулері тиіс.

Сондай-ақ заң жобасы арқылы «рұқсаттар» ұғымы енгізіледі; рұқсаттардың жан-жақты тізілімі жазылады; жаңа рұқсаттар енгізу кезіндегі міндетті РӘТ; типтік әдістерді орнатумен реттеу және жіктеуге қатысты нысанның қауіптілік деңгейі бойынша рұқсаттарды санаттау.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу